Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
2.9-сурет. Дыбыстық ақпаратты ойнату үрдісі
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) – дыбыстық тақташа, дыбысты енгізген кезде дыбыстық жиіліктегі электронды тербелістерді сандық екілік кодқа түрлендіретін, компьютерге қосылатын арнайы құрылғы.
Цифрлық-аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) дыбысты ойнатқан кезде кері түрлендіруге арналған дыбыстық тақташа (сандық кодтан электронды тербеліске).
АЦТ дыбысты жазу үрдісі барысында нақты бір период сайын электрлік ток амплитудасын өлшейді және регистрге алынған мәннің екілік кодын орналастырады.
Содан соң алынған код регистрден оперативті жадыға көшіріледі.
Алынған сатылы сигнал тегістеледі және күшейткіш пен динамиканы қолдану арқылы дыбысқа түрлендіріледі.
Компьютерлік дыбыс сапасы дыбыстық тақташаның сипаттамалары арқылы анықталады: дискретизация жиілігі мен кеңейтілімі (амплитуда мәнін жазуға бөлінген ұяшық көлемі).
Дискретизация жиілігі – 1 секунд ішіндегі кіріс сигналдары өлшемдерінің саны. Жиіліктің өлшем бірлігі – герц (Гц). Бір секунд ішіндегі бір өлшем 1 Гц-қа сәйкес келеді.
1 секунд ішіндегі 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). АЦТ дискретизациясына тән жиіліктер: 11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Сондай-ақ егер де музыка жазудың басқа да форматтары туралы айтатын болсақ, онда 1983 жылы MIDI (ағылш. Musical Instrument Digital Interface – Музыкалық аспаптардың цифрлық интерфейсі) стандарты жасап шығарылған болатын. Ол орындаудың биіктігі, ұзақтығы, жалпы темпін білдіретін кодтар жүйесін анықтайды. MIDI-редакторы музыкантқа үйреншікті секілді, музыкамен қарапайым нота секілді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның артықшылықтары: өте шағын жазба, құрылғыларды ауыстыру жеңілдігі, шынайы ноталардың әуен темпі мен тонын өзгерте алу мүмкіндігі. Ал кемшілігі мұндай кодтау жүйесі тек инструменталды музыкалар дыбысын жазуға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар музыканы жоғары сапамен және сығудың үлкен деңгейімен кодтайтын МР3 форматы да бар. Онда бір өлең жуық шамамен 3,5-8 Mb орын алады. Артықшылығы пайдаланушылар интернет желісінде 200-ден астам музыкалық композициялармен ауысу мүмкіндігіне ие болды.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік жүйелер дегеніміз не?
2. Компьютерлік жүйелердің даму тарихы.
3. Компьютерлік жүйелердің буындарын атаңыз.
4. Компьютерлік жүйелердің компоненттері.
5. Дербес компьютердің негізгі элементтері.
6. Ашық архитектураның қағидасы.
7. Қазіргі заманғы ДК құрылымын атаңыз.
8. Ішкі аппараттық қамтамасыздандыру.
9. Сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру және перифериялық құрылғылары.
10. Компьютерлік жүйелерде деректердің берілуі.
3-тарау
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
3.1. Программалық қамтамасыздандырудың түрлері
ПҚ – бұл компьютерде ақпаратты автоматты СКАЧАТЬ