Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
Бесінші буын (1990-2000 ж.). Қазіргі уақытта суперкомпьютерлер үстемдік жасауда – олар жоғары жылдамдықпен деректерді өңдейтін, ауқымды желілік серверлер болып табылатын қуатты компьютерлер, көппроцессорлы жүйелер. Дербес компьютер-лердің әр түрі: үстелдік, жылжымалы, қалталық, әртүрлі техникалық жүйелерде басқару жүйесі ретінде пайдаланылатын микропроцессорлы контроллерлер пайда болды. Бесінші буын компьютерлері өту, жасанды интеллектіні (ЖИ) жасауға бағытталған, жаңа архитектураға өтуді жоспарлады. Бесінші буын компьютерлерінің архитектурасы екі негізгі блоктан тұрады деп есептелінді. Олардың бірі – «интеллектуалды интерфейс» деп аталатын пайдаланушымен байланыс жасайтын блок, компьютер. Интерфейстің міндеті – табиғи тілде жазылған мәтінді немесе сөзді түсіну және осындай түрде берілген есептің шартын жұмыс жасайтын программаға айналдыру. Қазіргі таңда «бесінші буын» термині анықталмаған болып табылады және көптеген мағынада қолданылады, мысалы бұлтты есептеу жүйесін (ЕЖ) сипаттағанда. Есептеу техникасының (ЕТ) жаңа технологиялық мүмкіндіктері есептерді шешу ауқымын кеңейтіп, ЖИ-дің есептеріне көшуі керек. ЖИ-ді жасау үшін қажетті құраушының бірі, ол ғылым мен техниканың әртүрлі бағытындағы білім қоры. Деректер қорын (ДҚ) жасап, оны пайдалану үшін жоғары жылдамдықты ЕЖ және үлкен көлемді жады керек. Әмбебап компьютерлер жоғары жылдамдықты есептеулер жүргізе алады, бірақ магниттік дискіде сақталған үлкен жазбадан тұратын салыстыру және сұрыптау амалдарын жоғары жылдамдықпен жүргізе алмайды. Программаны жасауға, толтыруға, ДҚ-на өзгертулер енгізіп жұмыс жасауға арналған, басқа программалау тілдерімен салыстырғанда үлкен мүмкіндіктерге ие арнайы объектілі бағытталған және логикалық программалау тілдері пайда болды.
Алтыншы және одан арғы буындар. Электронды және жаппай параллельденген оптоэлектронды компьютерлер, нейронды құрылыммен, үлкен санды үлестірілген желідегі микропроцессорлар, нейронды биологиялық жүйелерді модельдеу архитектурасы қарқынды дамитын буын болмақ деп жобалануда.
2.2. Компьютерлік жүйелердің компоненттері
Компьютерлік жүйелердің келесідей компоненттерін ажыратуға болады:
– ішкі аппараттық қамтамасыздандыру, оларға жабдықтар мен өндіріс технологиясының жиынтығы жатады;
– ПҚ, оларға ОЖ, файлдық жүйе және командалар жүйесі жатады;
– сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру желілердің тысқары құрылғыларынан тұрады.
Дербес компьютердің негізгі элементтері:
1) жүйелік блок;
2) монитор (дисплей);
3) пернетақта;
4) тінтуір.
Ашық СКАЧАТЬ