Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 14

СКАЧАТЬ айтады. Қалаға келгенде Өмірбек: «Жүр, далаға шығып сөйлесейік», – деді. Менің ойыма келгені: «Бұлар мені сабайтын шығар. Не де болса, тәуекел» деп, далаға шықтық. Қошқар ата өзенінің жағасына келіп әбден сөйлестік. Ол менің көкірегімнің барын байқап жүрсе керек. Және ауылдан келгендердің ішінде сабаққа мықты болдым. Жиналыстарда шығып сөйлеп жүретінмін. Қай жерден келгенімді, ата-анам кім екендігін сұрады. Өзінің әкесі қорғасын зауытында жұмысшы екендігін айтты. «Ертеңнен бастап екеуміз бір партаға отырайық», – деді. Ертеңіне дәл солай болды. Сол-сол екен екеуміз айрылмастай дос болып кеттік. Халықта бір-біріне жұлдызы жақын адамдар болады деуші еді. Солай болған шығар. Екеуміз ешбір уақытта сөзге келген емеспіз. Мен артық кетіп бара жатсам Өмекең: «Сәке! Шаршап қапсың» деп қоя салатын еді. Мектепте жүргенде Өмекеңнің төңірегіне бір топ достар жиналдық. Олар – Бекбосын Көбеев, Қуандық Монтаев, Әбдіқадыр Бейсеев және мен. Лидеріміз – Өмірбек, «ақсақалымыз» Бекбосын еді, бақилыққа кетті. Өмір осылай екен. Енді қалғанымыз да «бойжетіп», ұзататын қыздай болып отырмыз..

      Менің Сыпатаев атындағы № 7 қазақ орта мектебін бітіргеніме 61 жыл болды. Адам етіп қалыптастырған алтын ордамызда бас қосқанымызда жас кезімізді еске түсіріп, мәз болып қаламыз. Осы интернат-пансионда оқып жүргенде күндіз ойыңа келмейтін, ұйықтасаң түсіңе кірмейтін оқиға болды. Бізге бес балаға жатақхананың үлкен бөлмелерінде орын болмады. Сол кезде оқу залына деп бөліп қойған бір бөлме бар болатын. Соны уақытша жата тұруға берген еді. Қабырғасында Лениннің суреті ілулі, ортасында сабаққа дайындалатын үстел мен орындықтар бар. Сол заманның тұрғысынан алғанда ұялмай көрсетуге болады. Оның үстіне жатақханаға кіргенде ең бірінші бөлме. Демалыс күні еді, екі бала үйіне кетіп үш бала қалғанбыз. Шамада сағат күндізгі он мен он бірлердің арасы болатұғын. Үстелдің үстінде сабағымызға дайындалып отырғанбыз. Бір кезде есікті тоқылдатты да, бір топ адам кіріп келді. Біздің директорымыз, интернаттың меңгерушісі, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Пазиков бар. Орталарында ақсарылау келген, басында шашы жоқ бөтен кісі бар. Олар отырды, сосын сұрақтар бере бастады. Сол кезде: «Пазиков ағаларыңды таныдыңдар ма?» деп сұрады. Біз үндемей қалдық. «Мына кісі Жұмабай Шаяхметов деген ағаларың болады, – деді бөтен кісі туралы. – Осы ағаларыңның бастауымен Қазақстанда бірнеше жерде интернат-пансион ашылды. Бұл кісі пойыздан жаңа түсті. Бірден «пансиондағы балалардың жағдайын көремін» деп сендерге келді. Жұмабай ағамыздың ең бірінші сұрағы: «Интернаттың берген тамағына тоясыңдар ма? Таңертең, түсте, кешке не беріледі? Еті бар ма? Нан жеткілікті ме?» болды. Біз күмілжіп қалдық. «Тоямыз» деп айтуға ауыз бармайды. «Тоймаймыз» десек, ағайларымызды ұятқа қалдырамыз. Соны байқаған Жұмекең: «Мына балалар тамаққа тоймайды екен. Ертеңнен бастап нанды көбейтіңдер, түскі, кешкі тамаққа ет қосылсын. Тиісті қаржыны бөлдіреміз, интернат директоры кім? Осында бар ма?» деп сұрады. СКАЧАТЬ