Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
Мен социалистік жүйені орынсыз балағаттамаймын. Кеңестік дәуірдің біздің халыққа тигізген оң әсерін айрықша атап көрсеткен жөн. Бірақ сол жүйені жоғары жақта басқарғандар бұрмалаушылыққа жол беріп, империялық мақсатқа пайдаланды. Сол себепті ұлттарды өзінің шыққан тегі мен түп-төркінінен, мәдениетінен бірте-бірте аластатып, түбегейлі ажыратуға бағыт ұстады. Оның басты нысанасы – ұлттық тіліміздің қағажу көруі еді. Алайда бұған социализм ілімі кінәлі емес. Бұл – сол ілімді бұрмалаған Орталық басшыларының кінәсы. Қазіргі жұрттың дені барлық «жаманды» социалистік қоғамға аударып, өткенге түгел топырақ шашып жүр. Ондайлар көз алдымыздағы «демократия» деген ұғымның да жан шошытып, жаға ұстатар жақтарын көрседе көрмеген болады. Сондықтан қай қоғамның болсын дұрысы мен бұрысын теңдей саралау – қоғамдағы көптеген келеңсіздіктердің алдын алады. Өткеннің жақсысын алып, жаманынан «сабақ алуға» жәрдемдеседі.
Шын мәнінде, Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін Тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бодан күннен осы бостандыққа ұзақ уақыт зарығып жетті. Бұл жолда еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Сондықтан оның баянды болуына атсалысу – әрбір қазақтың қасиетті борышы. Ал Тәуелсіздік шынайы демократия жолдары арқылы ғана қалыптаса алады. Сонда ғана халық оның жемісін көреді. Оған жету үшін авторитаризмнен құтылу керек. Мұны «ашық қоғам» дейді. Қазіргі айтылып жүрген пікірлердің көбінде біржақтылық басым. Шын мәнісінде әкімдерді тағайындау арқылы да демократия орнатуға болады. Тек қоғамда не болып жатқанын жасырмай айтып отыру керек. Барлық меншіктің иелері кімдер? Олар бұл меншікті қалай иеленді? Шығарылған байлық қанша? Одан мемлекетке қанша пайда келді? Әрбір қазақстандық өз табысы туралы декларация жариялауы керек. Егер халық жоғары билікпен тығыз қарым-қатынаста болса, шенеуніктер де сыбайлас жемқорлыққа бара алмас еді. Өйткені, қазіргі қоғамымыздағы ең үлкен трагедия – жемқорлық болып отыр.
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы армандаған ең басты құндылығы. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан халқыма Тәуелсіз Қазақстанымыздың Көк байрағы желбіреп, тұғыры әрқашан биіктеп, Егемен еліміздің іргетасы берік болып, нығая берсін демекпін!
ҰШҚАН ҰЯМ
Жарық дүниеге шыр етіп келген сәбиде алғаш рет анасын іздейтін түйсік пайда болса, бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы ұстаздан ерекше мейірбандық іздейді. Шәкіртке алғашқы ұстаздың әрбір сөзі, қадамы үлгі-өнеге болады. Ол ұстаздың қимылын қалт СКАЧАТЬ