Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
Философиялық дискуссияның материалын жаңғақтай шақты. Бір кезде К. Маркстің «Капиталынан» үзінді келтірді. Барлығын қағазға қарамай айтып тұр. Шынын айтсам, менің зәрем ұшты. Егерде қалған студенттердің бәрі осылай болса мен оқуды қоятын шығармын деген ойға келдім. Жоқ, басқалары жауап бергенде қорқынышым сейілгендей болды. Сөйтсем, Ағын ерекше білімді екен. Оның ойлау қабілеті, эрудициясы, орыс әдебиетін, батыс әдебиетін білуі, ежелгі гректердің ойшылдарын мектепте жүріп меңгергені оның білім жағынан бәрімізден көш ілгері алда екендігін көрсетті. Ол университетті бітіргенге дейін алдына жан салған жоқ. Университеттен кейін де ең бірінші болып диссертация қорғады. Бірте-бірте дүниежүзіне аты белгілі философ болды. Біздің мақтанышымызға айналды. Қазақ академиясының философия институтында «Фарабитану» бөлімін басқарып, ұлы бабаларымыздың еңбектерін өз еліне қайтаруға көп еңбек сіңірді. Философия факультеті ашылғанда, студенттерге дәріс оқып жүрді. Бұл университетке Өмірбек Жолдасбеков ректор болған соң, үлкен ғалымдарды жинауға ерекше мән берді. Және оны табанды түрде іске асырды. Сол кезде Ағын да біржола университетке ауысты. Университет төрт бөлмелі пәтер берді. Кафедра меңгерді, декан болды. Не керек, факультеттің қалыптасуына аянбай еңбек етті. Абыройлы болды, шетел философтарымен байланыс жасады. Сондай жемісті еңбек етіп жүрген кезде Горбачевтың «Қайта құру» дүрбелеңі келіп жетті. Адамдар осы бір алмағайып кезеңде бір-бірінің соңына түсе бастады. Өмірбек Жолдасбековтың басына да сондай зауал туды. Оның жасампаздығынан, жаңашылдығынан, СКАЧАТЬ