Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
Университетте оқып жүргенде ерекше есте қалатын бір оқиға болды. Қыркүйектің аяғына жақын опера театрында ректор Төлеген Тәжібаевтің бірінші курстың студенттерімен кездесуі болды. Жиналыс ашылды. Ректорға сөз берілді. Оған дейін ол кісіні мен көрген емеспін. Сондай жарасымды киінген, түрінен нұр жауып тұрған адам. Трибунаға шығып баяндамасын бастап кетті. Даусы жай шығады, асықпай сөйледі. Өзіне жиналған жұртты тарта бастады. Бір кезде аудитория жым болды. Әрбір сөзі естіліп тұр. Ол кезде микрофон атымен жоқ. Сөзінің негізін біздерге, бірінші курс студенттеріне арнады. Менің есімде қалғаны медалистер туралы айтқаны:
«Былтырғы жылы бізге бір топ медалистер оқуға түскен. Олардың көбісі медальдарын ақтамады. Бірқатары қысқы сынақтан өте алмай чемодандарын арқалап, үйіне қайтты. Биылғы келген медалистерге айтатыным – осы бастан уақытты жіберіп алмай, дайындалуға көп көңіл бөліңіздер», – деді. Менің жүрегім зу ете қалды. Басыма осындай жағдай түсіп, масқара болмас па екенмін деп. Бізді ата-анамыз, мектеп, қоғам ол кезде өте намысшыл етіп тәрбиелейтін. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» дегенді күндіз-түні ойымызда ұстап, түбегейлі білім алдық. Одан кейін Москва университетінің аспирантурасына барсам, Қарағандыдан өзіммен бірге бітірген Рафхат Ешкеев деген досым келді. Екеуміз бір блокта жаттық. Аспиранттарға теориялық семинар жүрді. Оны философия ғылымдарының докторы, атақты ғалым, профессор Момджан Феликс Ншанович жүргізді. Біз Рафхат екеуміз берілген тақырыптар бойынша мұқият дайындалып, сөйлеп жүрдік. Жауаптарымызға профессор разы болып: «Қайда және қандай факультет бітіргенсіздер?» деп сұрады. Біздің жауабымызды естіп, таңғалды. Ол Алматыда философия факультетінің бар екенінен хабарсыз болып шықты. Кандидаттық емтихан тапсыра бастадық. Ондағы жауаптарымызды жұрттың көзінше ерекше атап өтетін болды. Не керек, Қазақстаннан келген аспиранттардың білімділігін мойындады. Бізде осындай терең білім берген ұстаздарымызды мақтанышпен айтып жүрдік.
СТУДЕНТ КЕЗІМІЗДЕГІ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ТУРАЛЫ СӨЗ БОЛҒАНДА, ЕҢ АЛДЫМЕН ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ, ДОЦЕНТТЕР
Николай Петрович Дардыкин мен Михаил Никифорович Чечин еске түседі. Н. П. Дардыкин философия кафедрасының меңгерушісі, әрі факультеттің деканы болды. Философиядан жүйелі курсты сол кісі бастап оқыды. Өте білімді, керемет шебер лектор еді. Лекцияны жайлап оқитын, жазып үлгеретінбіз. Бірақ та, оны тек оқып шығу емес. Әрбір сөзінің мазмұндық салмағы ерекше бай болатын. Егер де біздің толық түсінбей жатқандығымызды байқаса жан-жақты түсіндіруге көшетін. Н. П. Дардыкинның «Неміс СКАЧАТЬ