Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 8

СКАЧАТЬ Егерде мен «бармаймын» десем, ауру адам құсалықтан тіпті қиналып қалатындай болып көрінді. Бұл мүмкін, ең үлкен және соңғы арманы болар, бәлкім… Көңілін қимай «мақұл» деп жүріп кеттім. Ол жерде екі әпкем бар болатын, әрқайсысына бір-бір күннен қонып, анам айтқан қызды көріп қайттым. Келсем, анам өте ауыр халде жатыр екен. Жерде қар қалың, тездетіп «1 май» селосына барып, дәрігер алып келдім. Ол: «халі ауыр екен» деп, дәрі-дәрмек жазып берді. Дәрілерді дереу сол селодағы дәріханадан әкеліп ішкіздік. Күннен-күнге ауруы қайтудың орнына күшейе түсті, есіміз шығып кетті. Қоңырбөрік деген жерде дем салатын емші бар еді, әкем соны алып келуге жіберді. Ол кісі келгенде, анамның қызуы қатты көтеріліп жатыр екен. «Мұны басу үшін, суық сүтке таза жерден қар алдырып, араластырып беру керек», – деді. Осы айтылғандарды істегеннен кейін, қазір ойлансам, бұл ауруды одан бетер есірте түскен екен ғой. Өйткені, сол кезде анамның екі өкпесі қабынған болуы керек. Оған қар араластырған суық сүт берсең, ауруы одан ары асқына түсетінін кеш білдік.

      Тағдыр шығар, анамызды қолдан беріп алдық. Ең ақырғы күні, мен ауыз үйде тандырдың үстінде демалып жатыр едім. Анамның жан дауысы шықты. Жүгіріп барсам, әкем қасына келген екен. Оны шақырмай басын шайқап, «ары тұр» дегендей белгі берді. Маған қарап, басын изеді. Алдына тез бардым. Иегімен «жақында» дегендей етті. Мен бетімді анамның ерніне апарып едім, бетімді қайта-қайта сүйді де, жан тапсырып жүре берді… Алдына барғанда байқағаным, екі көзі жанып, маған қайта-қайта қарай берді. Соңынан ойлансам, қимай жатыр екен ғой. Артында менен басқа үш ұл, үш қызы қалып бара жатыр. «Солардың тағдыры не болады? Олардың ең үлкені сенсің. Саған тапсырдым» дегені екенін кейін білдім. Ақ сүтіңнен айналайын, аяулы анам… Небәрі қырық жасында дүние салды. Не көріп кетті?! Артында аңырап, ұлардай шулап жетілмеген бала-шаға – біз қалдық. «Қыз Жібек» операсында әкесі Төлегенге батасын бермеген соң, анасынан келіп рұқсат сұрайтыны бар. Сонда Баба Түкті Шашты Әзізге жалбарынып, баласына адамның жан дүниесін теңселтіп жіберетін әуенмен: «Адасса, жолға салып жүр-ай, Сүрінсе қолдан алып жүр-ай» – дейтін сөздерді айтады. Театрда осыны тыңдағандардың бәрі жылаумен болатын. Менің де жаным ышқынып, әз анама арнап, дауыстап жоқтау айттым:

      Ұл-қызыңның қызығын көрмедің, ойбай!

      Қызыңды қолдан бермедің, ойбай!

      Қу дүниеде мынау өзіңсіз енді,

      Қолымды қалай сермермін, ойбай?!

      Бүкіл жиналған ел езіліп кетті. Өзімнің есім кірелі-шығалы. Анамды жақсы көргендігім сонша – ендігі жерде маған бұл дүниеден еш қайран қалмаған сияқты болып көрінді. Жетісін бердік. Ауылдың ақсақалдары, ағалары жиналды. Қариялар маған: «Балам, есіңді жина, қайғыға берілме, оқуыңнан қалма. Мына жетім қалған бауырларыңды жетілдіру үшін университетті бітіріп, жұмыс істеуің керек. Қайғыға салынып, ауырып қалсаң, сенің бетіңе қарағандардың бәрінің үмітін үзесің. Біз ауыл болып сенен көп үміт күтіп отырмыз. Ер азаматсың, беліңді бу, оқуыңа аттан СКАЧАТЬ