Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 25

СКАЧАТЬ әжептәуір аласа. Сондықтан өзеннің сол жағынан Ақсудың суы қаланың оң жағына көтерілмейді. Сол жақтағы қала халқы өте тығыз орналасқан және цитадель мен шахристан да осы бетте. Бұл беттегі суару жүйелері, тұрғындардың баспаналары қамалдың ішінде де, сыртында жақсы сақталған. Ал өзенінің оң беткейіндегі қала тұрғывдарыньщ қоныстары біздің заманымызда техниканың күшімен бұзылып, бұрынғы Калинин атындағы колхоздың егістік жеріне айналып кеткен. Егістікке айналған жерлерге зер салып қарасақ, оның беті тегіс емес, ойлы-қырлы. Ертедегі қоныстардың іздерін байқауға болады. Айдалған жерлерге колхозшылар қызылша мен бау-бақша, дәнді өсімдіктерді егіп, оларға су жібергенде, кейбір жерлерде жер астына су кетіп жатады. Соған қарағанда, өзеннің оң жағалауында да су құбырларының болуы мүмкін. Бұл – болжам. Олай дейтініміз, Ақсудың оң жағалауларына салынған үлкен қоныстардың орындары ғана сақталып қалған.

      Ендеше, қала тұрғындары Ақсу өзенінің оң жағалауына да каналдар арқылы су жүйелерін әкелген. Ол су жүйелері қорғаныш қызметін атқарумен бірге тұрғындарды сумен қамтамасыз еткен. Оған қосымша Ақсудың оң жағалауында Қожай, Оразалы тоғандарын салған. Бұлай аталу себебі, ол жерді ежелден мекендеген қожай руының адамдары қазған тоғандар. Біздің заманда да осы тоғандардан Калинин атындағы колхоздың орталығы бертінге дейін су ішіп келген. Оразалы тоғаны өзінің көзін Ақсудың жоғарғы жағынан 4,5 шақырым жерден алып, оң жағасымен колхоздың осы күнгі орталығына келген. Оның бізге жеткен ені – 5 м; тереңдігі – 0,7 м [5]. Соңғы 5-6 жылдың ішінде ел тоғанды тастап, қасынан жаңа су жүйесін салды. Оразалы мен қожай тоғандарының екі жағасында әлі қала тұрғындары баспаналарының, қорақопсыларының орындары көптеген төмпешік болып жатыр.

      Ақсу өзенінің сол жағын мекендеген қала тұрғындарын Дода тоғаны сумен қамтамасыз еткен. Ол өзінің су көзін Ақсу өзені сағасынан 5 шақырым қашықтықтан алып, Бозжорға биіктігінің астымен, қаланы айнала қазылған ор қамалының сыртымен келіп, су төменде жатқан Қарабалта өзеніне құйған. Дода тоған-каналдың сақталған арнасының ені – 5 м; тереңдігі – 0,7 м. Бұл тоғанның суы мол болып, шамамен 50-55 шаршы шақырым жерді сумен қамтамасыз еткен. Осынша көлемді мекендеген қала тұрғындары Дода тоғанынан үлкенді-кішілі су жүйелерін тартып, өздерінің көшелерін де сумен қамтамасыз еткен. Осындай су жүйелері арқылы әуіздерді (су сақтайтын шұқыр) толтырып, ол суларды тұндырып, жердің астымен тартылған су құбырлары арқылы цитадельге, шахристанға және кейбір рабадтардың ірі қоныстарына жіберген.

      1974-1977 жылдары Ақтөбе қаласында археологиялық зерттеу кезеңінде үлкен ұзындыққа созылған орталық су құбырлары ашылды және оның құрылысы мен салу тәсілдеріне көңіл аудардық [9]. Осы еңбектің басында Ақтөбеден табылған су құбырларына байланысты үш жылда жиналған деректерді берген болатынбыз. Енді сол су құбырлары жөніндегі кейінгі жылдардағы жинақталған мағлұматтармен кеңірек таныстырмақшымыз.

      1974 СКАЧАТЬ