Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 23

СКАЧАТЬ үлкен құрылыс мысы жүргізіліп, бекініс қабырғаларының қалыңдығы 4 м-ге жетіп, оның биіктігі 7-8,5 м-ге биіктеген. Құрылыс жұмыстары цитадельдің кешенін толық қамтыған. Қоспасында, оның салу тәсілінде айтарлықтай өзгерістер болмаған. Қазылған қабаттан көптеген археологиялық дүниелер шықты: құмандар, құмыралар, қазан, жебе ұштары және басқа да бұйымдар бар. Бұл деректер Отырардан, Құланнан табылған заттарға ұқсас. Табылған археологиялық қазбаларға қарағанда, цитадельдегі екінші кезең VІІ-ІХ ғасырларға тура келеді. Осы ғасырларда түріктерге қарлұқтар билігін жүргізген. Дегенмен, түріктердің мәдениеті айтарлықтай өзгеріске ұшырамады, қарлұқтардің үстемдік еткен кезінде цитадельде үлкен құрылыс жүріп, ол бұрынғыдан да мықты бекініске айналған.

      Үшінші кезеңде цитадель тағы да қайта жөндеуге ұшырап, өзінің сыртқы көрінісін, көлемін өзгерткен. Бекініс қабырғасының сыртынан қыш кірпіштен 49 х 27 х 9 – 10; 50 х 27 х 9 – 10; 50 х 23 х 10 см қосымша қабырға салынып, оның ені 10 м-ге жеткен. Осылай цитадель өте үлкен бекініске айналған. Қазылған қабырғаның ішінен көптеген археологиялық заттар шықты: қыштан жасалған әртүрлі ыдыстар – құмыралар, қазан, мыс шырақтар. Бұл заттардың көпшілігі Орталық Азиядағы ортағасырлық қалалардан шыққан қыш бұйымдармен ұқсас. Соған қарағанда, цитадельдің үшінші кезеңі ІХ-ХІІ ғасырларға тура келеді. Бұл шақ қарахан және қарақытай (каракидан) әулетінің үстемдік еткен кезеңдері. Жоғарғы қабаттағы мәдениет өзінің өркениеттік дамуына жеткен Қарахандар дәуірі. Бұл кезде Ақтөбе (Баласағұн) өзінің гүлдену дәуірінде жасаған. Олардың орнын басқан Қарақытайлар (Қарақидан) моңғол нәсілді халық болып, Баласағұнда 90 жылдай билік құрған. Қаланың дамуына еш ықпал жасамай, 1210 жылы оны өртеп, ойрандағанына жоғарыда тоқталғанбыз.

      Цитадельдің кешенін тереңірек анықтау үшін, оңтүстік-шығыс бөлігінен ұзындығы 16 м; ені 1-1,5 м; тереңдігі 5,5 м жоғарыдан төмен қазып, табиғи жер тағанына жеттік. Бұл қазба жұмысы да жоғарыдағы тәсілмен жүргізілді. Цитадельдің бұл бөлігінен табылған заттар солтүстік шығыс мұнара жақтан табылған археологиялық деректерге ұқсас. Бұл бөлікте де үш кезең ескерткіші байқалды. Бірінші кезең қабырғасының биіктігі 4,2 м; ені 3 м, екінші кезеңінің қабырғасы бірінші қабырғаның сыртынан 4 м биіктеу, 2,3 м-ге ұзындау салынған.

      Оның сыртынан үшінші бекініс қабырғасы – 2,5 м биіктікте, ені 1,7 м етіп салынған. Қазба кезінде көптеген археологиялық заттар табылды. Олар жоғарыдағы цитадельден қолға түскен материалдарға ұқсас. Соған қарағанда, цитадель кешенінің негізі бір мезгілде салынып, кейін қайта құрылысқа ұшырап отырған. Қарахандар кезіне айрықша тоқталуға тура келеді. Себебі, осы дәуірде Қарахандар Қазақстанның шығыс, оңтүстігі мен Орта Азияны түгел билеп, қуатты мемлекетке айналған. Бұл кезде осы елдің экономикасы мен рухани мәдениеті гүлденіп өскен кезең екені тарихта талай жазылды. Мемлекеттің астанасы Самарқанд, Қашқар және Баласағұн қалалары болған. Қарахан әулетінің ең үлкен ханы Баласағұнда СКАЧАТЬ