Название: Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0507-3
isbn:
Ежелгі дүние (Древний мир) б.з.б. 800-100 мың жылдарда алғашқы адамдар пайда болды деген түсінікті ескеріп, Африканың шығысындағы Кения, Эфиопия жерлерінен б.з.б. 4 млн жылдарда жасаған алғашқы адамдардың қонысы ашылды [2]. Қазірше, жер бетінде адамдардың пайда болған жылдары төрт есе көбейді.
Орталық Азияның көптеген аймақтарынан, соның ішінде Қазақстаннан палеолит ескерткіштері ашылды. Бұл регионның бәріне тоқталмай-ақ, тек Қазақстаннан соңғы кездердегі тас дәуірін зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, осы дәуірге жататын ескерткіштер егеменді еліміздің барлық аймақтарынан табылып, олар тас дәуірінің мәдениетінен мәлімет береді. Қорытып айтқанда, біздің жерімізден палеолит дәуірінің 65 ескерткіші, мезолит дәуірінің 27 ескерткіші және неолит дәуірінің 54 ескерткіші ашылып [3], олардың ұзын саны 146-ға жетті.
Келтірілген деректерге қарағанда, тас дәуірін зерттеуші ғалымдарымыз елеулі еңбек етіп, бұрын-соңды зерттелмей келген ескерткіштерді кең көлемде ашып, Орталық Азия, оның ажырамас бөлігі Қазақстан да алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі екенін дәлелдеді. Соған қарағанда, Азия құрлығы, оның орталық регионы моңғолоидтық нәсілді адамдар өрбіген аймақтардың бірі болып тұр. Бұл археологтарымыздың әлем халықтарының тарихына қосқан сүбелі үлестері екенін еш тар- тынбай айтуымыз қажет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де өз үлесін қосып жатқанын айту парыз. 1971 жылы ұйымдасқан «Археология және этнология кафедрасы» егеменді елімізге қажырлы жұмыс істейтін археологтар мен этнологтардың ұясына айналды. Оларды Республиканың барлық аймақтарынан кездестіргенде қуанышқа бөленеміз. Жас мамандар археологиялық зерттеулерге қатысып, аталары Әлкей Хақанұлы Марғұланның бастаған тарихи мұраларды зерттеу жұмысын жалғастыруда. Әсіресе, 2003 жылы Казақстан Республикасының тұңыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен ұйымдасқан «Мәдени мұра» жоспары бойынша еліміздегі өте бай археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді зерттеу, оларды қайта жаңғырту жұмыстары кешенді іске асырылуда. Ескерткіштерге мұндай қамқорлық алғаш рет болып отырғанын барша халық біледі. Қазіргі кезде осы «Мәдени мұра» бағдарламасы кең көлемде етек жаюда.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.