Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 22

СКАЧАТЬ Ферғана көрші аймақтарға да өзінің ықпалын жасаған, Ақтөбе де бұдан кенде емес екені ақиқат. Соның айғағы – оның да үш бөліктен құралғандығы. Қаланың қақ ортасында, Ақсу өзенінің сол жағында биіктігі жердің бетінен 20 м биік төбе бар. Оны жергілікті тұрғындары кейінгі кезде Ақтөбе деп атап кеткен. Бұл төбе – қаланың цитаделі (кухендизі). Оның солтүстік жағы – 35 м; батысы – 60 м; оңтүстігі – 80 м; шығысы – 50 м. Цитадельдің жалпы көлемі – 7-8 гектар. Шахристанның көлемі – 20 гектар. Қала шахристаны мен рабадттары XX ғ. 60 жылдарында бұзылғанын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан да, шахристанның көрсетілген көлемін болжам деп қарау керек. Себебі, Ақтөбе шахристанының өз алдына ерекшелігі бар. Тек цитадельді қоршаған шахристанның көлемі көрсетілген. Ұзақ жылдар бойы зерттеудің барысында, қала цитаделінің көлемі 60-70 га болуы керек. Ол цитадель оңтүстігіндегі үлкен төбе батысында үстінен канал жүргізілген төбелерде шахристанға кіруі тиіс деген пікірдеміз. Бұл төбелер цитадельмен жалғасып жатқаны байқалады. Цитадельдің батысындағы шахристанда күйдірілген кірпіштен соғылған үйдің орны бар. Жергілікті тұрғындар ұзақ жылдар бойы осы жерден кірпіш алып, содан үйлеріне пеш (печь) салған, едендеріне төсеген. Мұндай күйдірілген кірпіштен үй салу Қарахан әулеті кезінде кеңінен жайылған. Осындай үйдің орны бар екенін В.В. Бартольд те байқаған. Қаланың қалған жері – рабад. Ол үлкен көлемдегі жерді алып жатыр.

      1974 жылдан бері 35 жыл өтті. Осы жылдардың ішінде университет археологтарының басқаруымен, тарих факультетінің студенттері мен уақытша қабылданған жұмысшылардың күшімен әр жылы 2-3 ай бойына Ақтөбеде қазба жұмыстары жүріп келеді. Бұл зерттеу жұмыстары цитадельде, шахристанда және рабадта жүргізілуде.

      Ақтөбе (Баласағұн) шаһарын зерттеуде атсалысқан археологтардың бірі М. Елеуовтың пікірі: «1974 жылдан бастап Шу өңіріндегі ортағасырлық Ақтөбе қаласындағы зерттеулерді әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы (УАЭ, жетекшісі профессор У.Х. Шәлекенов) жүргізіп келді. Ұзақ жылғы зерттеулердің нәтижесінде ортағасырлық қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анықталды. 1976-1990 жж. аралығында қаланың цитаделінде үш стратиграфиялық кесік және 8 қазба жүргізіліп, оның VІ-ХІІІ ғ. бас кезінде өмір сүргені анықталып, үш хронологиялық кезеңде (VІ-VІII ғғ. бірінші жартысы; VIII ғ. екінші жартысы – X ғ; ХІ-ХІІІ ғғ. басы) салынған бекініс, қамалдар, мұнаралар, салтанатты сарай кешені, алаңдар, қақпа, монша т.б. құрылыс қалдықтары ашылды» [6], – дейді.

      Бұл зерттеуге М. Елеуов 1976 жылдан бастап кірісті. Ақтөбенің цитаделін және Төрткөл төбені қазуда ерекше күш жұмсады. Сондықтан да, ескерткіштің сырын ашуда, Н. Алдабергенов пен М. Елеуовтің белсенді зерттеу жұмыстарын атап өтуді жөн көрдім. Ақтөбенің үстінде орналасқан Сарай алаңын ашқанда, маңтай тер төгілді. Оның ұлтанына жетіп, Қарахан дәуірінің қыш кірпіштері төселгенін көрдік. Ол кірпіштер сол күйінде орындарында жатыр. Алаңды реставрациялауға болады.

      Ақтөбе СКАЧАТЬ