ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы страница 7

СКАЧАТЬ кейінгі өскелең прозамыздың дамуына игі әсерін тигізуінде.

      Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі драматургия қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақ алды туындылары жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Әрине, олардың жанр талабына сай болуы мен режиссуралық қойылымының жүйелілігі өз алдына басқа әңгіме.

      Әйтсе де қай ұлттың болмасын қазіргі кемелденген драматургиясы бүгінгі күйінде өмірге келе қоймағаны белгілі. Қазақ драматургиясы да бүгінгі жеткен биігіне сан қилы шырғалаң шиырлар арқылы келді. Мүнда, ең алдымен, Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі пьесалары – “Жер дауы” (1912), “Қызыл бұзау” (1913), “Бақсы” (1914), “Әйел теңдігі” (1915), “Ғазиза” (1915) белгілі болған. Бірақ бұлар баспа бетін көрмеген. Олардың тақырыбы – әйел теңдігі, елдегі дүмше молда, бақсы-баргерлердің халықты алдауы, надандық торына түскен қарапайым халық тағдыры. “Бақсы” пьесасына – жас баланы емдемек болып, дәрі орнына тотияын беріп соқыр еткен бақсы надандығы арқау болса, “Ғазизада” – қыз тағдырының қиындығы сөз болып, Ғазиза атты кейіпкердің замана қасіретінің құрбанына айналуы көрсетілген. “Жер дауы” пьесасы қазақтың ең бір дертті мәселесі – жер дауына арналған. Онда Жұман деген байдың кедей жатақтарға көрсеткен зорлығы, оардың еш әділет таппауы. Екі жақты езгідегі қиын тағдыры көрсетілген. Бұл пьесада ағартушы-демократтар қолдаған отырықшылдық идеясы көтеріледі.

      Кезінде жарық көрген бірді-екілі пьесалар да бар. Бұлар – Көлбай Тоғысовтың “Надандық құрбаны” (1915), Алматы уезінің начальнигі А.И.Лихановтың “Манап” драмасы (1913). К.Тоғысов пьесаны жазуға негіз болған жағдай туралы “Қайғы” деген атпен “Айқап” журналына шағын мақала жариялаған. Мұнда автор сол уақыттағы қазақ арасындағы әдет-ғұрыптың зиянды жақтарын, бақсы-балгерлердің жалған ем-домынан көрген ел азабын, ауыл өмірінің сорақы көріністерін әшкерелеп пьеса жазғанын айтады. Өз ойын қорыта келіп, пьесаны жазудағы көздеген негізгі мақсатымен таныстырады.

      “Надандық құрбаны” пьесасы өмірдегі шындық оқиғадан туған. Автор әл-қадырынша осы шындық оқиғаны өз шығармасына арқау етіп, көркемдік шындыққа айналдыруға ұмтылған. “Бұл драманың бірнеше қаһармандары осы күнде де тірі” деген Көлбай алғысөзі – бұған дәлел. Пьесса авторы өз кейіпкерлері жас бала Жақыптың шешектен, Майсараның босана алмай, бақсы таяғынан өлуін қазақ надандығының дәлелі ретінде береді. Пьессаның бір желісі – әйел тағдырымен ұштасады. Байжан байдың үш әйел үстіне 16 жасар Хадишаны айттыруы, Хадиша мен Аспандиярдың тағдырының қосылмауы – әйел теңсіздігін көрсету деген талпыныс.

      Жалпы, Көлбай Тоғысовтың “Надандық құрбаны” пьессасы – тасқа басылып, жарыққа шыққан қазақ драматургиясындағы тұңғыш тәжірибе. Оның надандық негізін әлеуметтік теңсіздіктен іздей білген, қат-қабат әлеуметтік мәселелерді осы жанр жүгіне СКАЧАТЬ