Название: ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы
Автор: Ө. Әбдиманұлы
Издательство: КазНУ
Жанр: Культурология
isbn: 978-601-04-2710-5
isbn:
Блок, Фет творчестволарымен таныса, тәржіма жасай отырып, солардың рухында өлең жазған Мағжан ақын қазақ поэзиясына соны сипат, европалық үлгімен астасқан өзгеше өрнек әкелді.
Жүсіпбек Аймауытов әйгілі “Мағжанның ақындығы туралы” мақаласында: “Мағжан еліктегіш ақын, еліктеу – ақынға мін емес, қандай көрнекті ақындар да алдыңғы ақындарға еліктемей жаза алмаған. Романтик Мағжан символистерге, кейде сентименталистерге, орыс ақындарына еліктеп жазса, бұл алданғандық, не адасқандық емес, іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекеттерінің басы еді. Орыс поэзиясындағы сол кездегі әр түрлі ағымдар бағытын Мағжан жақсы бағдарлап, қазақ поэзиясына енгізген…” деп жазады. Мағжан аудармалары өлеңмен ғана шектеліп қалмайды. Ол М.Горькийдің “Сұңқар жыры”, “Жұртын сүйген жүрек” (“Старуха изергиль”), “Ана”, “Темірді жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” әңгімелерінде қазақша тәржімалады.
Мағжан романтизмінің түп төркіні Батыстағы Байрон, Гейне, А.Мицкевичтен, Ресейдегі Пушкин, Лермонтов, Баратынский, А.Блок, М.Горькийден келіп шығады деген Жүсіпбек пікірі шындыққа жанасымды екенін Мағжан шығармашылығы дәлелдеп отыр.
Романтизм демекші, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде сыншыл реализммен қабаттаса осы әдісте өзіндік деңгейде көрініс тапты. Кейінгі кезде біз бұл әдісті тек Мағжан шығармашылығына қатысты сөз қылып жүргенімізбен, ол көптеген творчесвтолық тұлғалардың шығармашылығынан берік орын тепті. Мәселен Шәкәрімнің кең құлашты “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” эпикалары, Сұлтанмахмұттың “Кеш”, “Жазғы қайғы”, “Түсімде”, “Жас жүрек” өлеңдері асқақ романтизмнің озық үлгілері болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің дүниежүзілік әдебиетпен байланысын айтқанда, Мағжан поэзиясындағы сентиментализм, символизм сарындарының сол байланыс арқылы енгенін атауымыз қажет. Аударма жасау барысында Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа өрнек, үлгі іздеген. Жаңашылдыққа, әсемдікке жаны құмар ақын өзі аударған шығармалардан қазақ құлағына тосын естілетін жаңа тараптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Оны әрлеп, жаңғыртып, жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады.
Жүсіпбек Аймауытов бағалағандай, Мағжанның төл шығармалары, аудармалары қазақта бұрыннан бар әдістер мен тәсілдерге символизм, сентиментализм ағымдарының элементтерін енгізіп, европалық әшекейімен безендіре түсті.
Сонымен, тәржімалар арқылы әдебиетшілеріміз орыс және әлем әдебиетінің озық үлгілерімен қазақ оқырманын таныстыра отырып, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін де ашуға тырысты. ХХ ғасыр басында жасалған тәржімалар әдебиетті кең өріске шығарып, өз бетімен ізденуге жол ашты. Прозадағы сан-салалық тереңдік, суреткерлікке СКАЧАТЬ