Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 6

Название: Инвестициялау негіздері

Автор: Гүлназым Супугалиева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-508-1

isbn:

СКАЧАТЬ ғалымдар теория және практика негізінде бюджетке салықтардың түсуі салықтық мөлшерлемеге байланысты деген тұжырымға келген.

      Бұл шынында да солай. Негізінен салық мөлшерлемесін белгілеген кезде мынадай принциптерді сақтау қажет:

      – салық мөлшерлемесінің деңгейі салық төлеушінің мүмкіндігін, яғни оның табыс деңгейін есепке ала отырып, белгілінуге тиіс. Бұл принцип отандық салық салу тәжірибесінде орындалмайды;

      – салық төлеушіге жалпы салықтық ауыртпалыққа қарай барлық салықтардың түрлері бойынша мөлшерлемесі болуы тиіс;

      – салық мөлшерлемесі елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты жиі қайта қаралып отыруы тиіс;

      – салық мөлшерлемесі өндірістің өсуін ынталандырып, еңбекке деген ынтаны артыруы және қоғамның кедей табын қорғауға тиіс.

      Салық жүйесін жетілдірудің басты бағыты – инвестицияларын жұмыс істеп отырған өндірісті қайта құруға, техникалық жағынан қайта жарақтау және кеңейтуге бағыттайтын кәсіпорындар үшін табысына салынатын салыққа жеңілдік белгілеуді қамтиды. Мұндай салықтық жеңілдік нарық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде маңызды орын алады.

      Инвестициялық қызметке елдегі шағын және орта бизнестің дамуы да ықпал етеді. Себебі, олардың дамуынсыз кез келген экономиканың қызмет етуі және дамуы мүмкін емес екені белгілі.

      Инвестициялық қызмет белгілі бір мөлшерде болсын оған мемлекеттің қатысу дәрежесіне де байланысты. Сондықтан да мемлекет бұл жерде тек инвестициялық саясатты жасаушы ғана, сол сияқты оны іске асырушы, яғни бюджет осыған байланысты белгілі бір қаражатты жоспарлай отырып, оны тиісті бағытына пайдаланушы ретінде қатысуға тиіс.

      Бұл аталған факторлар сондай-ақ микродеңгейдегі инвестициялық қызметке де әсер етеді.

      2-топ. Микродеңгейдегі немесе ішкі факторлар:

      • кәсіпорынның ауқымы (мөлшері);

      • кәсіпорынның қаржылық жағдайы;

      • амортизациялық аударымдарды есептеу тәсілдері;

      • кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты;

      • кәсіпорынның инвестициялық саясаты;

      • шаруашылықтың ұйымдастырылу-құқықтық нысаны. Кәсіпорынның мөлшері инвестициялық қызметтің ауқымына тікелей ықпал етеді, себебі, ірі кәсіпорындардың орта немесе шағын кәсіпорындарға қарағандағы қаржылық мүмкіндіктері өте жоғары болып табылады.

      Кәсіпорынның инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясатқа тікелей байланысты. Егер кәсіпорын техникалық жағынан қайта жарақтау және қайта құруды жоспарлайтын болса, онда олардың қаржыландыру көздерін қарастырады.

      Жоғарыда аталған факторлардың барлығын объективті және субъективті факторлар деп бөлуге болады. Объективті факторларға мемлекеттің (үкіметтің) және кәсіпорынның қызметіне байланыссыз факторлар жататын болса, мысалға, стихиялық залалдар, басқа СКАЧАТЬ