СКАЧАТЬ
музейлерді қоса қабат дамыту керектігін дәлелдеді. Француз музеологтары Ж.А.Ривьер мен Ю.Де Варин бастаған «интеграцияланған музей» идеясы «экомузейлер» деген жалпы атаумен сипат алды. Музейдің бұл жаңа бағытының озық тәжірибесі Венесуэла қаласының Баркисименто музейінен, сондай-ақ Рио-де-Жанейро қаласының (Бразилия) Санта Тереза және Сао-Кристовао деген екі ауданынан көрініс тапты. Идея авторлары осы экомузейлерді құрудың нәтижесінде, тұрғындардың табиғи-мәдени ортамен тікелей байланыстын дамыта отырып, дәстүрлі мәдениет құндылықтарын сақтап, насихаттауды әрі тұрғындарды музей ісіне тартуды жүзеге асыруды мақсат етті. 1983 жылы Лондон қаласында өткен ІСОМ-ның Бас конференциясында музей ісінің осы бағытын ресми ұйымдастыру бастама алды. 1984 жылы Квебек қаласында мамандар «Экомузей және жаңа музеология» атты I халықаралық семинар ұйымдастырды. Квебек декларациясының авторлары «Қазіргі заманда өзінің дамуында жаңа көзқарастарды жүзеге асыру жолына түскен музейлер дәстүрлі идентификация, консервация және ағартушылық міндеттері мен мақсаттары көлемінен шығып, қоғам мен қоршаған орта өміріне қызу араласып, өз аясын кешенді бағдарламаларды жүзеге асырумен кеңейту керек», – деген. 1985 жылы Лиссабон қаласында өткен ІІ халықаралық семинарға қатысушы мамандар музей ісі саласындағы жаңа идеяларды қолдайтын «Халықаралық федерация» құрды. «Жаңа музеология», «Жалпыға қолжетімді музеология» атты білім жетілдіру курстары, «Жаңа музеология және әлеуметтік тәжірибе» атты бірлестік және «Квебек экомузейлер Ассоциациясы» құрылды. «Жаңа музеология» идеясы одан әрі Латын Америкасы, Азия, Африка елдерінде дамыды. «Жаңа музеология» жүйесінде экомузейлермен қатар, виртуальды музейлер, сайт-музейлер, тірі музейлер, тірі экспозиция, парамузейлер, музей-қалалар дамыды.
«Тірі музей» идеясын америкалық музеолог Д.К.Дан қалыптастырған. Бұл ұғым «жаңа музеология» ұғымына ұласты. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Тірі өсімдіктер» тірі музейі 120 жылдан бері танымал. Нью-Йорк қаласындағы Квинс штатындағы Кридмур психиатриялық клиника жанынан ашылған «The Living Museum» тірі музейі әрі арт-студия ретінде жұмыс жасайды. Музейді сюррализм табынушылары, Колумбия университетінің түлегі Болек Гресзинский мен дәрігер Янос Мартон қалыптастырып, 30 жыл бойына табысты жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ АҚШ-тың Джеймстаун және Вильямсбургтегі Американы отарлау кезеңінің тірі музейлері, Сан-Уотчтегі үнділер қонысы, Ұлыбританиядағы Қара ел тірі музейі, Норвегия халық музейлерін атауға болады. РФ-да «тірі музейлердің» озық тәжірибесі Красноярск өлкесінде «Экодом», Бородино шайқасы алаңында құрылған «Боронино» музей-қорығынан көрінеді. 2010 жылы Түрікменстанда Ашхабад қаласының маңындағы Гекдере атты елді мекен «тірі музей» ретінде құрылды.
ЖАҢА ОҢТҮСТІК УЭЛЬС ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ – Сидней қаласында орналасқан. Жаңа оңтүстік Уэльс өнер галереясы – Австралияның қоры мол ірі музейі. Оның негізі 1874 жылы қаланған. Мельбурндағы
СКАЧАТЬ