Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 25

СКАЧАТЬ 40 км жерде орналасқан. Төртбұрышты жобамен соғылған. Ауд. 200-200 м. Құрылысқа қалыңд. 1 мге жететін гранит тастар қолданылған. Тастар әр түрлі геом. өрнектермен әшекейленген. Ақыртас қабырғалары көтеріліп үлгермеген сияқты, биікт. 1 – 1,5 м шамасында. Қандай құрылыс екені белгісіз. Ресей шығыстанушысы П.И.Лерх оны салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, В.В.Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Музейдеғы ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

      ЕСКІ ПИНАКОТЕКА – Мюнхен қаласында орналасқан, негізін 1528 жылы герцог Вильгельм ІV фон Виттельбах қалаған, ол өз ризиденциясын көркемдеу мақсатында Германияның сол кездегі атақты шеберлерін жинап тапсырыс берген. Музейдің қазіргі ғимараты архитектор Лео фон Кленцтің басшылығымен 1826-1836 жылдар аралығында салынған. Музей қорында 14-18 ғ. – ларға саятын бірнеше мыңдаған өнер туындылары бар, қордағы экспонаттарды қоспағанда тек экспозицияға 900-ден аса полотно қойылған. Герман көркемөнері (Стефан Люхнер, Үлкен Ганс Гольбейн, Үлкен Лукас Кранах, т.б.); Нидерланды, фламан көркемөнері (Рогир Ван дер Вейден, Ганс Мемлинг, Үлкен Питер Брейгел, Антонис Ван Дейк, Рембрандт, Франс Хальц, Пауль Рубенс т.б.); Қайта өркендеу дәуірі (Джотто,Фра Анджелико, Филиппо Липпи, Сандро Боттичелли, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Тициан, Джаванни Батиста Тьеполо, т.б.); француз, испан көркемөнері (Никола Пуссен, Клод Лорен, Жан Оноре Фрагонар, Франсуа Буше, Барталом Эстебан Мурильо, Диего Веласкес т.б.) туындылары бар.

      ЖАМБЫЛ МУЗЕЙІ – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме. Музей Қазақстан үкіметінің шешімімен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев тұрған үйде 1946 ж. ұйымдастырылды. Ж. м. Алатаудың Майтөбе биігіне таяу жатқан жазықта, Жамбыл бабамыз көз жұмған ауылда орналасқан. Музейдің іргесінде ұлы ақынның көзі тірісінде егілген ағаштар, сол қалың баудың түкпіріне таман алма мен алмұрт бағының арасында 1946 ж. салынған кесене тұр. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған. Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі – қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған (1996). Жамбыл өмір сүрген үй – музейдегі бөлмелер сол күйінде сақталған. Ондағы он екі бөлменің әрқайсысы тарихи жәдігерлерге толы, әрбір зат – ақын өмірінің тікелей куәгері. 1996 ж. музей-үйге жанамалай конференц зал салынып іске қосылды. Бұл конференц залдың алғашқы іргетасын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қалады. Алғашқы бөлме Жамбылдың ұлы ұстазы ақын Сүйінбайға арналған. 1916 жылғы көтеріліс тарихын, Жамбыл шығарм-н баяндайтын бөлімде Х.Наурызбаевтың «Амангелді Иманов» атты мүсіні және 1913 ж. Жамбылдың ақындар арасында түскен тарихи суреті тұр. 1919 ж. мамыр – маусымда өткен ақындар мен күйшілердің слеті жөніндегі материалдардың фотокөшірмелері, Верныйдағы сол слет өткізілген үйдің суреті, ақынның жаңа өмір серпінінен туған шығарм-мен таныстыратын материалдар қойылған. СКАЧАТЬ