Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 26

СКАЧАТЬ алғыс сезіміне тола жазылған майданда жүрген жауынгерлердің сарғайған хаттары да тұр. Ақын есіміне деген сый-құрметтің белгісі ретінде Ленинградтың 250 жылдығына арналған медаль да осында қойылған. Бұл медаль 1959 ж. Жамбыл музейіне жіберілген. 1942 ж. 1 маусымда «Правда» газеті: «Рахмет, қымбатты ақын, бізді қуантқаныңыз үшін сізге жауынгерлік қызылармиялық рахметімізді айтамыз. Бәріміз де сіздің жырларыңызды жатқа білеміз» деп жазды. Жамбылдың ұлы – Алғадай 1943 ж. 22 ақпанда Синельников қ. түбінде ерлікпен қаза тапты. Жамбыл бұл қазаға қатты қайғырды. Ақынның шері «Алғадай туралы ой» деген жоқтау жырға айналды. Жамбылдың өлы Отан соғысы кезінде шығарған жырлары – қазақтың ұлттық патриотизмінің тамаша тарихи ескерткіштері. Олардың өзі «Соғыс жырлары» деген тұтас бір жинаққа айналды. Ол қазір музейде сақтаулы. 1945 ж. 22 маусым, сағат 7-ден 55 минут өткенде ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың жүрегі тоқтады. Музейдеғы бір экспозиция Жамбылмен қоштасу сәтін бейнелейді. Халық поэзиясы алыбының қазасына дүние жүзіндегі көптеген елдердің өкілдері қайғырып көңіл айтты. Оны жерлеу Қазақстан үшін – бүкілхалықтық, бүкілмемлекеттік сипат алды. Келесі бөлмеге Жамбыл мұрасын зерттеуші, жамбылтанушылардың шығармалары қойылған. М.Әуезов, Мұқанов, С.Садырбаев бұл салада үлкен еңбек сіңірді. Музейде Жамбылдың ізбасарларынан К.Әзірбаевтың, Ү.Кәрібаевтің, Н.Байғаниннің, И.Байзақовтың, Жамбылдың немересі – ақын Әлімқұл Жамбыловтың және басқа да көптеген белгілі көркем сөз шеберлерінің бейнелері тұр. Үйдің ортасындағы ас үй – кезінде қазақ қонақжайлылығының куәгері болғаны анық. А.Толстой, Л.Соболев, Әуезов, П.Тычина, Байсейітова, Б.Келлер, С.Эйзенштейн, Ә.Қастеев және т.б. қайраткерлер әр жылдары, әр кезде осында болып, ұлы ақынмен тілдесіп, әңгімелескен. Үйдің сол жақ қанатындағы бұрышта – ақынның өз бөлмесі. Бұл шағын ғана бөлме, үстел, кресло, радиоқабылдағыш, орыс, қазақ тілдерінен жиналған шағын кітапхана, 7 сағат 55 минутты көрсетіп, тоқтап қалған қабырға сағаты. Бұған жапсарлас, терезелері теріскейге қараған бөлме – ақынның ұйықтайтын бөлмесі. Бұл бөлме Жамбыл дүниеден қайтқан сәттен ешбір өзгермеген. Есіктің оң жағында киім ілінген шкаф тұр. Бұрышта – ағаштан қиып жасалған шифонер. Терезе аралығында алдында күнделікті тұрмысқа керекті заттар қойылған айна тұр. Қымыз құятын торсық, ақынның асатаяғы, күлсауыт және оның өмірлік серігі болған көне домбыра. өлы Жамбылдың туғанына 150 жыл толар қарсаңында өзінің тарихи тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының, оның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың нұсқауымен, Республика үкіметінің шешімімен толық жаңғыртылып, қайта салынған тарихи музей еліміздегі ірі тарихи ескерткіш-мекенге айналды. Жаңа салынған конференц залда Жамбылдың 150 жылдық мерейтойын тойлау рәсімдеріне байланысты музейге ескерткіш – сыйға берілген құжат, тарту-таралғылар, сурет, т.б. көрмесі қойылған. Ж. м-ның бағының ішінде, Жамбыл кесенесінің жанында қазақтың біртуар композиторы, дирижері, ұлы ақынның інісі Нұрғиса Тілендиевтің бейіті мен ескерткіш-құлпытасы СКАЧАТЬ