Название: Музейлік электронды сөздік
Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1737-3
isbn:
Музей экспозициясы Аменхотеп ІІІ мен оның әйелі Тидің, Хеопс пен Микериннен (б.э.д. 26 ғ. басы) Птоломейге (б.э.д. 4 ғ.) дейінгі фараондар мүсіндерінен басталады.
1922 жылы Луксор қаласы маңындағы Патшалар жазығынан табылған Тутанхамон фараонның қабірінің қазыналары 20 ғ. – дың археологиялық жаңалығы болды. Тутанхамон қазынасының молдығы сонша оны Египет музейіне алып келуге 5 жыл уақыт кеткен. Қабірханадағы өнер туындыларының саны 3500 бірліктен асады, оның 1700-і экспозицияға шығарылған. Экспозициядағы үш алтын саркофагтың бірінің салмағы 110 кг. Тутанхамонның о дүниелік маскасы оның 18 жастағы бет бейнесінің айқын көрінісі. Тутанхамон отырған алтын жалатылған, асыл тастармен әшекейленген, арыстанның басы бейнеленген тақ та теңдесі жоқ экспонаттың бірі.
Патша мумиялары залында 11 фараон мумиясы қойылған, олардың қатарында Рамсес ІІ, Тутмос ІІ, Сети І бар, мумия витринасы Патшалар жазығындағы қабірханалар түрінде берілген.
Музейдегі Амарн дәуірінің (б.э.д. 14 ғ.) өнер туындылары – Тутанхамонның әкесі Аменхотеп ІV билігімен тығыз байланысты. Ол ата-баларының көп құдайға табынуынан бас тартып, еліне бір құдайға табынуды күн құдайы Атон культін енгізген, сол себепті жаңа Эхнатон атына ие болған. Оның жоғары эстетикалық талғамы жаңа «амарн» өнер стилін алып келген.
19 ғ. – дың аяғында Рим некрополі Фаюм оазисінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысынан табылған портреттер экспозициясы ерекше көз тартады. Олар адамдардың тірі кезінде ағаш тақтаға балауызбен салынып, қабырғаға ілінген, өлген соң мумия бетіне қойылған. Сондай-ақ музей келесідей құндылықтарды экспозициялайды: Аахотеп патшайым, Та ІІ Секененр фараонның жұбайы, Камос және Яхмос І фараондардың анасы әшекейлері; Та ІІ Секененр, Яхмос І, Аменхотеп І, Тутмос І, Тутмос ІІ, Тутмос ІІІ, Сети І, Рамсес ІІ, Рамсес ІІІ, Аменхотеп ІІ, Тутмос ІV, Аменхотеп ІІІ, Мернептах, Сети ІІ, Рамсес ІV, Рамсес V, Рамсес VІ фараондардың мумиялары; Амон абыздарының мумиясы мен саркофактары; Тутмос ІІІ, Тутмос ІV, Аменхотеп ІІІ және Хоремхеб қабірханалары қазыналары; Хеопстың анасы Хетепхерес І пашайымның заттары; Ахетатон сарайынан табылған Эхнатон билігі дәуірінің заттары; Танаистен табылған 21, 22 династияларға тиесілі заттар, соның ішінде Псусеннес І фараонның о дүниелік маскасы; Гиза, Саккар, Бубаст, Гелиополь, Асуан және Нубиядан табылған археологиялық бұйымдар.
Әдеб.: Островский А.В. История цивилизации. Спб., 2000.; ; muzei-mira.com/muzei_egipta/117-kairskiy-muzey.html
«ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ, 1979 ж. 25 желтоқсанда ұйымдастырылған. СКАЧАТЬ