Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 29

СКАЧАТЬ көбін тұрғындар сыйға тартқан. Экспозицияда қайта өркендеу дәуірі (Фра Анжелико, Андреа Мантреньи, Тициан, т.б.), 14 ғ. – дағы итальян, (Микеланджело да Караваджо, Гвидо Рени, Доменикино, Гверчино, т.б.), фламандт, голландт (Кіші Питер Брейгел, Питер Пауль Рубенс, Якоб Иорданс, Антонис Ван Дейк, Рембрандт, Ян Вермеер, т.б.), британ (Томас Гейнсборо, Джошуа Рейнольдс, т.б.), француз (Никола Пуссен, Жан Оноре Фрагонар, Клод Моне, Камил Писсаро, т.б.) көркемөнері қойылған.

      ИСЛАМ АРХИТЕКТУРАСЫ, ислам сәулет өнері – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін ислам діні ықпалымен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) жаппай салына бастады. И. а-ның ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (їарам әл-Мәсжид). Ол – ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереялармен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен. И. а-ның бір ерекшелігі – әлемнің басқа жерлеріндегі сәулетшілік тәжірибесінде кездеспейтін мұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биікт. 11 қабатты үйдің биіктігіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды. Дамаск (Шам) Араб халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұрғызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мыс., Каср әл-Хаир әл-Ғарби, Уалид Кусейр-Амра, т.б.). Аббас әулеті билеген тұста Халиф Мансұр 762 ж. Бағдад қ-н салып, астананы сонда көшірді. Осыған байланысты Месопотамияда (Қосөзен аралығы) И. а. жедел өркендеді. 9 ғ-да Египет Бағдат халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тарайтын Тулун әулеті келді. Осы кезде аса ірі ибн Тулун мешіті салынды (879). Египеттегі билік Фатима әулетіне (969 – 1171) ауысқан тұста И. а. одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қ-на көшірілді. Кейінгі билеуші әулеттер – аби әулеті (1171 – 1250) мен мәмлүктер (1250 – 1517) тұсында да Мысыр И. а-ның негізгі орталығына айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (Самарра, Фустат, Султан Хасан мешіттері). Арабтар 711 ж. Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифаты құрылған кезде осы өлкеде де ғажайып И. а. ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б. 10 – 13 ғ-ларда ислам діні қанатын кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен қатар, аталған елдерде И. а. да өркендеді. Мыс., 13 ғ-да Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биікт. 70 мге, табанының диам. 16 мге жетті. Бұл мұнараның өнбойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы 30 м-лік алаңды бар. Ахмадабақтағы 1427 ж. салынған Джамми-Мадджид мешіті 70 алып, онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 – 52) салынды. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс СКАЧАТЬ