Название: Музейлік электронды сөздік
Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1737-3
isbn:
20 ғ-дың соңғы ширегіндегі дәстүрлі музейлердегі демократизация және жаңғыру бағытындағы ізденістер олардың сапалы түрде жаңа бағытқа трансформациялануын қамтамасыз етті. Музей қорындағы құндылықтарды көпшілікке ұсынатын, қолжетімді етудің жаңа жолдары қалыптасты, олар электронды цифрлау, электронды каталогтау, музейлердің мәдени-ағартушылық бағытында инновациялық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылды. Музей құндылықтарын көпшілікке қолжетімді ету қазіргі таңда В.м. жүйесі негізінде іске асуда. Қазіргі заман музейлерінің озық тәжірибесіне музей экспозициясының мазмұнын ашатын 3D, 5D, 7D форматтағы киноқондырғыларды, виртуальды тур, виртуальды музейдегі 3D форматтағы экспозиция мен экспонаттарды атауға болады. 3D-модельдеу технологиясы жарты ғасыр бұрын интерактивтілігімен және виртуалдандыруымен жоғарғы деңгейге қол жеткізді. Оны қолдану аясы айтарлықтай кеңірек (құрылыс ісі, өнеркәсіптегі жобалау мен дизайндау, кинематографиядағы визуалды әсерлер, компьютер ойындарының өндірісі және т.б.). Мемлекет тарапынан мәдени мұраны сақтауға деген қызығушылық технологияларды пайдалануға рұқсат берді. Сондай-ақ қазіргі таңдағы музей коммуникациясында музейге келушілілердің әртүрлі категориялары, мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдармен, балалармен жұмыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдері осы В.м. көмегімен де жүзеге асуда.
Әдеб.: Сокровища музея императорского дворца. Гугун. Москва: Издательство «Наталис» Рипол Классик, 2007. С.42-44.
ВОЛОНТЕРЛІК (француз, volontaire – ерікті) – қайырымдылық, әлеуметтік және де өзге қоғамдық пайдалы мақсаттары бар еңбек қатынасының жүйесі. Волонтерлердің еңбегін материалдық, қаржылық өтеусіз негізде пайдалану, музейдің жанама қаржыландыруының бір түрі. Волонтерлерді жұмысқа тартудағы музейдің мақсаты – адамның жеке тұлға ретінде дамуына және оны қоғамның қабылдануына жағдай жасау.
ГАЛЕРЕЯ (француз – galerie, итальян – galleria) – өнер туындаларын жинауға, насихаттауға, зерттеуге бағытталған, өнер коллекцияларын хронологиялық, тақырыптық, жанрлық т.б. бойынша экспозициялауға мамандандырылған музей, немесе өнер музейінің бір бөлігі. Г. қызмет аясы 20 ғ. – да кеңейе түскен. Г. құрамында өнер салондары, аукциондар, арт білім беру мекемелері, үйірмелер СКАЧАТЬ