Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев страница 10

СКАЧАТЬ шетелмен сауданы кеңейту, халықаралық сауда-саттық жүретін жолдарда үстемділік танытуға бағытталған еді. Бұл кезде Қытайда феодалдық қатынас та қалыптаса түседі. Сондай-ақ осындай саясаттың негізінде Ұлы Жібек жолы қалыптаса бастайды. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Орта және Таяу Шығыс арасында дипломатиялық, сауда және мәдени байланыстардың дамуында да маңызды рөл атқарды.

      Осы кезеңде Қытай патшасының кеңсесінде өте маңызды бүкіл ішкі және сыртқы оқиғалар жазылатын болды. Қытай елшілігінің басшылығы өзіне жүктелген миссия бойынша жанжақты мәлімет беру жөнінде қорытынды есепті жазбаша жасауға міндетті болған.

      Көрші мемлекеттермен қарым-қатынастар орнатуда арнайы саяхатшы елшілер институты жұмыс істейді. Сол кезеңдегі У-ди патшаның (б.з.д 140-87 жылдар) сыртқы саясаты да өте белсенді болды. Алыс Батыста, ғұн тайпасы мекендеген кең даланың екінші жағында мәдени елдердің мекендегенін естіген ол б.з.д 138 жылдары солармен байланысқа шығуды көздейді. Осы жылы Батысқа жасақталған Қытай елшілігін әскери қолбасшы Чжань Цань бастайды. Оның негізгі міндеті Батыс патшалығымен одақтасып, көшпенді тайпаны жою еді.

      Тек, ғұн даласында Чжань Цань тұтқынға алынып, сол елден он жыл бойы кете алмайды. Ол ғұнның салт-дәстүрін қабылдап, жанұялы болады. Ыңғайлы сәт туғанда ол Батысқа қашады. Ферғана алқабына жеткен Чжань Цань өзі бет алған Гректік-Бактриялық патшалықтың енді жоқ екендігін естиді. Ол елді бұған дейін көшпенді сақ тайпалары басып алған болатын. Чжань Цань олармен ғұндарға қарсы одақтасуды ұсынғанымен, келісімге келе алмайды.

      Чжань Цань өзі өткен Орталық Азия мен Иран жөнінде көптеген мәліметтер жинап, оның ішінде әскери күштері жөнінде, қалалар мен сауда жолдары туралы мағлұматтар алып, кездескен халықтардың қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарын біліп, Қытайға кері қайтады. Жол азабын әбден тартқан ол тек б.з.д. 126 жылы еліне жетеді.

      Бірнеше жылдан кейін Чжань Цань жинаған мәліметтерді пайдалана отырып, қытайлық әскерлер ғұн тайпаларына қатты соққы беріп Орталық Азия шекараларына жақындайды.

      Сол кезде салынған бекіністердің негізінде, кейін Қытайды Батыс елдерімен байланыстырған керуен жолдары құрылып, 300 жыл көлемінде қызмет етті.

      Қытай елшілері оңтүстік мемлекеттермен байланыс орнатып, олардың Қытай билеушілеріне бағынуына жағдай жасады. Қытайдың сыртқы саясатының басты нысаны Пан-Нюэ мемлекеті болды, оның астанасы бүгінгі Кантон жерінде орналасқан еді. Осы елді қосып алу дайындығы кезінде қытайлық елшіге аймақты тез басып алуға қолайлы өзен жолын барлауды міндеттеген еді. Пан-Нюэ мемлекетіне келгеннен кейін елші қандай да бір тойлату кезінде дастарханға қойылған сирек кездесетін көкеніс өсетін жер жағдайын әңгіме қылады. Әңгіме барысында Інжу өзенінің жоғарғы ағысы Янцзы өзенінің жоғарғы ағысынан әлдеқайда жақын екендігін айқындап, жедел түрде өз елін осы мәліметтермен хабардар етеді.

      Екінші бір елші Пан-Нюэ мемлекетінің ішінде ішкі өзара СКАЧАТЬ