Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев страница 12

СКАЧАТЬ қарындасының қайғылы тағдыры әлі есте еді. Перғауын жауап хатында патшаға қарындасының жағдайы туралы жалған мәсліметтер жеткізген елшілердің арсыздығын айыптайды. Өз кезегінде КадашманХарбе перғауын тарапынан вавилондық уәкілдерге лайықты құрметтің көрсетілмегенін айтып, бетіне басады. Оларды тіпті, мерейтойға да шақырмаған дейді. Ең соңында, Кадашман-Харбе өз қызын перғауынға ұзатуға келісетіндігін білдіріп, соның алғысы ретінде египеттік ханшайымды өзіне әйелдікке беруін және оған қоса алтын мен сыйлықтар сыйлауын өтінеді. Хаттар қарапайым ілтипаттылықпен басталып, өзара «бауырлық» адалдықпен қуатталады. «Египет патшасына, менің бауырыма, Кардуниаш (Вавилон) патшасы, өзіңнің бауырың Кадашман-Харбе. Сенің отбасыңа, сенің жұбайларыңа, бүкіл ел-жұртыңа, сенің күймелеріңе, сенің жылқыларыңа, сенің уәзірлеріңе, барлығына дұғай-дұғай сәлем». Жолдауы алтын мен сыйлықтар жіберуін өтінген талаптармен аяқталады. «Алтынға қатысты, – деп жазады патша, – маған алтын, өте көп алтын жібер, оларды елшілік келгенге дейін жібер. Оларды қазір жібер, неғұрлым тезірек жібер, осы астық жинау науқанында, Таммуз айында жібер».

      Миттания патшасы Тушратта алтын талап етеді. IV Аменофиске жіберген жолдауында: «Сонымен, менің бауырым маған алтын жіберсін, сансыз көп алтын жіберсін… Өйткені менің бауырымның елінде алтын өте көп емес пе, қанша топырақ болса, сонша алтын. Құдайлар енді менің бауырымның еліндегі алтынды да он есеге арттырсын». Өз тарапынан Тушратта аса қадірлі перғауынға қандай болмасын көмек көрсетуге, сый тартуға дайын екендігін білдіреді. «Егер менің бауырым өз отбасы үшін не қажет етсе, оны мен талабынан он есе асыра орындаймын. Менің жерім – оның жері, менің үйім – оның үйі», – деп жазылған осы құжаттардың бірінде.

      Бұл құжаттардың барлығы сол дәуірдегі дипломатиялық тіл – вавилон тілінде сына жазумен жазылған.

      Біздің заманымызга дейінгі 1278 жылгы египеттік пергауын ІІ Рамзес пен хеттер патшасы ІІІ Хаттушил арасындагы келісімшарт.

      Б.з.д. ХIV-ХIII ғасырлар хеттер мен египеттіктер арасындағы қиян-кескі соғыстарға толы болды. Соғыстар екі елдің халқын да күйзеліске, өте көп шығынға әкелді. Бұл екі елдің билеушілерін бейбіт келісім жасасуға итермеледі. Бітімге келу және достық келісім жасасу хет патшалығы тарапынан ұсынылады. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Хаттушил болашақ келісімнің жобасын күміс тақтайшаға жазғызып Рамзеске жібереді.

      Құжатты куәландыру мақсатында тақтайшаның алдыңғы бетінде найзағай мен жел құдайы Тешубтың қасында тұрған патшаның бейнесі, ал екінші жағында күн құдайы Ариннаның қасында патшайымның суреті салынған.

      II Рамзес хет патшасы ұсынған бітім шартын қабылдайды, өзінің келіскендігін білдіру үшін III Хаттушилге келісімнің мәтіні жазылған басқа күміс тақтайшаны жібереді. Келісімнің екі түпнұсқасына да мемлекеттік мөр басылып, патшалардың қолы қойылған.

      Осылай б.з.д. 1278 жылы египеттік перғауын II Рамзес СКАЧАТЬ