Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев страница 13

СКАЧАТЬ шыққан жағдайда да бір-біріне жәрдемдесуге кепілдік береді. Өйткені азиялық өңірде, әсіресе, сириялық-палестиналық аумақтарда соғыс әрекеттері, көтерілістер мен тонаушылық ісқимылдары толастамаған еді. Соған қатысты шартта: «Егер Рамзестің құлдары (азиялық иеліктерінде) көтеріліс шығаратын болса, онда оларды басып-жаншуда Хеттер патшасы да Рамзеспен бірге әрекет етеді», – делінген.

      Ерекше бапта текті және қарапайым саяси қашқындар мен сатқындарды беру айқындалады. Құжатта: «Егер кімде-кім Египеттен қашып, хеттер елін паналайтын болса, онда хеттер патшасы оны өз елінде қалдырмай, Рамзеске кері қайтарады», – деп нақты белгіленген. Кашқындар бірге олардың дүние мүлкі де, адамдары да толығымен қайтарылады. Бұл туралы шартта: «Егер египеттік аумақтан біреуі, екеуі, үшеуі және т.с.с. адамдар хеттер жеріне қашқан болса, онда олар Рамзес аумағына қайтарылсын», – деп көрсетілген. Олардың өздері сияқты дүние-мүліктері де, әйелдері мен балалары да, малайлары да аман-есен қайтарылуға тиіс болған. Уағдаласушы тараптар: «Олар өлтірілмесін, олардың көздері мен қол-аяқтарына нұқсан келтірілмесін», – деп шарттасқан.

      Келісімде белгіленген шарттардың толыққанды орындалуына куәгер ретінде екі тараптың да құдайлары шақырылады. Барлық құдайлардың тізімі келтірілген. Шартты бұзғандарды қатал жаза күтіп тұрды. Адал орындағандарға құдай денсаулық пен ізгілік сыйлады. Бұл жөнінде шартта: «Уәдені бұзғанның үйі, құлдары мен жері жермен-жексен болсын. Шартты мүлтіксіз орындағанның өзі, құлдары мен жері аман-сау болып, өмірлік шапағатқа бөленсін», – деп айтылған. Сол кездің заманауи заңдылығына сай келісімдер осылай ерекшеленген.

      Екі ел арасындағы дипломатиялық хат алмасу, елшіліктер тағайындау келісімшарт жасалынғаннан кейін де толастамайды. Кейінгі кезеңде тек патшалар ғана емес сондай-ақ патшайымдар да хат алысады. Египет пен хеттер мемлекеті арасындағы саяси қатынас некелік жолмен де нығайтылған.

      Дипломатия тарихында б.з.д. 1278 жылы египеттік перғауын ІІ Рамзес пен хеттер патшасы ІІІ Хаттушил арасында жасалынған осы келісімшарттың маңыздылығы ерекше деп айтуға болады. Ол ең алдымен, халықаралық құқықтың ең көне ескерткіштерінің бірі. Екіншіден, өзінің нұсқасы бойынша Ежелгі Шығыс патшалықтарында, сондай-ақ ежелгі Грекия мен Римде жасалынған кейінгі келісімшарттар үшін де үлгі бола алды. Ежелгі дүние тарихында халықаралық келісімдердің нұсқасы жалпы өзгеріссіз осы шартқа негізделген болатын. Ежелгі Грекия мен Римде ежелгішығыстық келісімшарттар тәжірибесінің көшірмесін жасады десе болады.

      Жалпы, ІІ Рамзес пен хеттер патшасы ІІІ Хаттушил арасында жасалынған осы келісімшарт Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның айнасы іспеттес. Бұл келісімшарт ел билеушісінің жеке басының мемлекетпен үйлесуін айқын көрсетеді. Барлық келіссөздер тек патшаның атынан жүргізілген. Келісімшарттың кейбір баптары шабуыл жасаспау және өзара көмек туралы міндеттемелерді қамтиды. Тіпті, ел ішіндегі көтерілістерді басу мақсатында өзара ел ішіне басып кіру мәселелері де өте маңызды болып табылады.

      Қорыта СКАЧАТЬ