Название: Дипломатия тарихы
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-247-906-5
isbn:
Грамматикалық категорияға қатысты міндеттеуге жататын нақысты сөздер мен сөздер тізбегін дипломатиялық құжаттарда пайдалану жан-жақты сақтық пен өнегелілікті қажет етеді. Ең алдымен, тепе-теңдік қатынастар жөнінде, егеменді мемлекеттердің қатынастары туралы сөз болғанда басқа мемлекет үшін оның не істеу немесе істемеу керектігін міндеттеу әдептіліктен тыс деп есептелінеді. Сол себепті дипломатиялық құжаттарда міндеттеу қағидасы әлдеқайда икемді, жұмсақ түрге ие болады. Яғни шартты-келісімді сөйлемдерге «егер» сөзінен бастауы қарсы тараптармен қоса өздеріне де қатысты екендікті білдіреді.
Міндеттеу сөздерін пайдаланудың екінші қауіптілігі талап еткендік болып қабылдану мүмкіндігі. Ал талап етушілік – егер құжат қандай да бір төтенше жағдайға қатысты болмаса, шын мәнінде, талап ету емес болса, онда бұл пайдасыз, қайта зиянды болып табылады.
Дипломатиялық құжаттардағы қарапайымдылық түрін құптайтын Х.Вильднердің өзі де мұқияттылықты талап етеді. Дегенмен, құжаттың басым көпшілікке түсінікті болуын ешкім де жоққа шығармайды. Қысқа түсініктер мен қарапайымдылық көп жағдайда бірдейлікті білдірмейді. Дипломатиялық құжаттардағы қысқа сөздер, немесе ұзақ сөздер не жетіспеушіліктің не құндылығының белгісі емес, ең бастысы, мағынасыз сөздердің, бос сөздер мен сөйлемдердің болмағаны дұрыс. Мәтінге ешбір қосымша мазмұн, мағына бермейтін сөздерді сөйлемге қыстырудың қажеттігі жоқ. Ең маңыздысы – белгіленген мазмұнды нақты ашу.
Толыққанды дипломатиялық құжаттардың тілдік және стилистикалық құрылымы құжат бағытталған тараптарға деген сенімділік туғызатындай, олардың дұрыс шешім қабылдау қабілеттілігіне түрткі болатындай сипатта құрылады. «Күрделі мәселелерге қарапайым шешімнің» болмайтындығын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, халықаралық алаңда болып жатқан дүниені ой елегінен өткізуге ұмтылуына дипломатиялық құжаттың құрамындағы нақтылы дәйектер мен дәлелдердің негізінде түрткі болу үшін дипломатиялық тілге талғампаздықпен қарап, шетелдік оқырманға деген әдептілікті жоғары деңгейге жеткізу қажет.
Өйткені Сыртқы істер министрлігінің қызметі сан қырлы әрі күрделі жұмыс болғандықтан, ол – тындырымды зерделік пен зиялылықты қажет етеді. Бүгінгі Қазақ елі әлем елдерінің бір қатарымен тұрақты қарым-қатынастар орнатып, сан алуан салада халықаралық келісімдер мен шарттарға отыруда. Әрине еліміз тәуелсіздігін жариялай салып халықаралық қатынастарды ұлттық тілде жүргізуге шамасы келмеді. Өйткені еліміздің дипломатия саласында ұлттық СКАЧАТЬ