Название: Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Автор: Қ. Жұмағұлов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1270-5
isbn:
Көшпелілер туралы мәліметтерді Агафий Миринейскийден кездестірдік [1, с. 221]. Автордың жазбалары, негізінен, VI ғасырдың орта шенін қамтиды да, Юстиниан тұсындағы Византия тарихын бейнелейді. Савирлар, оның айтуынша, империяның жалдамалы әскер қатарын құраған. Сонымен бірге мына атаулар да беріледі: котригурлар, утигурлар, ултидзурлар.
Шығыс Еуропа даласына алғашқы аварлардың келуіне байланысты бірнеше мәліметтер бар. Бір мәліметтер бойынша, Юстиниан патшалық құрып тұрған кезде уар және хунни тайпаларының бір бөлігі қашып келе жатқанын көріп, қорыққандарынан қоныстандырып, оларды аварлар деп атап кеткен. Уар хундарға жергілікті тайпалардан елші келіп уар хундарды авар деп атайды. Сөйтіп, бұл тайпалар авар деп аталып, көсемдерін құрметтеп қаған деп атаған делінеді.
Мәліметтер бойынша, «скиф халықтарының» ішінде басқа тайпаларға қарағанда аварлар ақылды, іскер, ықпалды болған. Феофилакт Симокатта бұл тайпаларды псевдоавар деп атаған дұрысырақ еді, себебі тайпалар арасында беделге ие болып, олардың кейбіреуі бұрынғысынша уар деп аталса, ал басқалары хун деп аталды деп жазады.
Е. Шаван нағыз аварды кермхионнан көруге болады дейді. Керм (Червь) – құрт, хион – жуан-жуандардың атауы, кей деректерде жень-жень, жужан деп те кездеседі. Яғни жужан атауының мағынасы құрт, жәндік дегенді білдірген. Жужандар мокула тайпасымен араласқан, қытайлықтар мокула тайпасына жиіркенішпен қараған, осы кемсітілген атау батыста Иран формасында керм+хион деп сақталған. Шаванның пікірінше, «жуан-жуандар» деген – қытайлардың кемсітіп қойған бұралқы сөзі, ол тайпаның шын аты – «мұқылы». Сәнби ұлысы Тан-ши-хуайдың әскерін құрғандар –«мукиндер», ал оның билігі тұсында ыдырағандардың бірі «мұқылы» болса, яғни осы мокула, мукри, мұқылы атауларындағы ұқсастықтың өзі бұл үшеуі бір тайпа емес пе екен деген сұрақ туғызады. Приск Панийский мен Феофилакт Симокатта еңбектерінде «нағыз аварларды» келтірген, Еуропа ғылымында осы аталған деректердегі «нағыз аварлар» жужандар емес пе деген пікір көп таралған. Бір қызығы, батыстық деректерде VІ ғасырда Еуропаға келген аварлар мен «нағыз аварлар» арасында ешқандай байланыс жоқ деп дәлелдеуге тырысқан. Бірақ осындай болжамдарға қарамастан Еуропалық аварлар мен жужандар арасында байланыс бар сияқты.
Кей деректерде аварларды хиониттер, вархиониттер деп атап, олар ғұн дәуірінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында өмір сүрген көк көзді, сары адамдар болған деген мәліметтер бар. Ф. Симокатта аварларға өте денелі, мерген жауынгерлер деп баға берген.
581 жылдан бастап Түрік қағанаты, Істеми батысқа жорығын бастайды. VІ ғасырдың ортасында Арал теңізінің теріскей бетінде түрік қағаны хуни (хиониттер), уар мен огорлар тайпаларының қарсылығына ұшырайды. Тек 558 ж. ғана бұл тайпалар талқандалады да, түріктер түркілердің бағынғысы келмегендерін, алдына салып айдап, Еділден бірақ шығады. Олар уар мен хунни СКАЧАТЬ