Название: Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Автор: Қ. Жұмағұлов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1270-5
isbn:
Жоғарыда келтірген жазба деректерді археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлермен салыстыру негізінде аварлардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі, сонымен бірге VІ-VІІІ ғасырлардағы Авар қағанатының тарихын ашып көрсетуге тырыстық. Осыған орай, қазіргі уақытта тек жазба деректердің негізінде VІ-VІІІ ғасырлардағы тарихи үрдістерді жан-жақты ашып жазу мүмкін емес. Сондықтан оқу құралында археологиялық, этнологиялық, лингвистикалық, сонымен қатар пәнаралық ізденістер мен мәліметтер де басшылыққа алынды.
Бақылау сұрақтары:
1. Авар қағанатының тарихына қатысты Батыс жазба деректерінің құндылығын сипаттаңыз.
2. Аварлар мен Византия империясы арасындағы елшілік қатынасты баяндайтын деректі атаңыз.
3. Көшпелі халықтардың әскери өнері мен тактикасын салыстырмалы түрде сипаттаған еңбекті атап, құндылығын дәлелдеңіз.
2-тақырып. Аварлардың этногенезі мен атауының қалыптасу мәселелері
Халықтардың Ұлы қоныс аударуының әсерінен, шамамен екі жүз елу жылдай уақыт бойы аварлар Карпат өңірінде (қазіргі Орталық Венгрия, Трансильвания) территориясында қоныстанып, мықты саяси билікті иемденген. Бірақ сонда да алып территорияны жаулап алған аварларды қазіргі таңда жоғалып кеткен халықтардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан оларға байланысты көптеген мәселелер құпия болып келді.
Аварлар Шығыс Еуропа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларында қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Еуропа мемлекеттерінің тарихына өзінше ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында, қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассимиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті өмірі жайындағы мәліметті Византия, латын жазба деректері мен археологиялық ескерткіштер береді.
Авар атауының шығуы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде тарихта үш түрлі болжам бар. 1) аварлар – көшпелі жуан-жуан империясының ұрпақтары; 2) аварлар – Орта Азиядан шыққандар және вархониттер, олардың ата-бабалары; 3) аварлар – Венгрия территориясының кейбір қоныс атауларының түбірі «варконь» деген сөз тіркесімен аяқталғандықтан, жергілікті халық болуы мүмкін. Жазба деректерге сүйенетін болсақ, мысалы, Менандр Протектордың хабарлауынша, «568 ж. император Юстиннің билігіне төрт жыл болғанда, Византияға ертеде сақтар деп аталған Түрік қағанатынан елшілік келген, елшілікті Маниах бастап келген» [10, с. 223]. Ол өз елінен императорға хат әкелген, оны император аудармашы арқылы оқығаннан кейін елшіге: «бізге айтыңызшы, қанша аварлар түрік билігін бұзды және де сіздерде аварлар СКАЧАТЬ