Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.) - Қ. Жұмағұлов страница 7

СКАЧАТЬ қатынас орнатқан. Ашина түріктері бірнеше оғыз тайпаларын бағындырып, олардың арқасында күшейіп жуан-жуандарға қарсы шығады. Ғұндар Рим империясымен жаугершілік соғыстар, жүргізіп жатқанда, жень-женьдер қытайлықтармен соғысты. Жень-женьдар Маньчжурия шөлінен Түркістан даласына дейінгі жерді жаулап алып, ауқымды мемлекетті құрып үлгерген. Тіпті, Қытайдың шекара аймақтарын да жаулап алған. Жоғарыда айтқандай, жень-жень жаулап алған тайпалар ішінде түріктер де болған, түркі тайпалары Алтай таулы аймағын мекендеген. 522 ж. жеңілген жужан ордасының бір бөлігі түркілерге бағынады, бір бөлігі Қытай жеріне қоныс теуіп, онда қытай шекарасын күзетуші қызметін атқарған. Ал енді қалған бөлігі түркі, моңғол, тіпті манчжурлармен араласып, батысқа бет алады. Жужан тайпасының дәл осы тармағы, батыста авар атымен белгілі болады. Осыған байланысты болар зерттеу еңбектерінде авар-вархониттер де Орталық Азиядан келгендер және олар моңғолдар деген пікірлер бар. Осы пікірді жақтаушылардың бірі Х. Хоурс болды, ол аварларды моңғолдар деп тұжырымдаған.

      Жуан-жуандардың соңғы қағаны Анахуань болды. 551 жылы Түркі тайпаларының көсемі Бумын қаған атағын қабылдайды. 552 жылы Бумын қаған қайтыс болып, оның мұрагерлері Қара қаған (552-553 ж.) және Муған-қағандар (553-572 ж.) жуан-жуандарды күйретуді жалғастырады.

      Авар қағанаты Анахуань (Анағұй) қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анахуань өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады.

      Таққа Қара-Еске, Бумынның інісі отырғаннан кейін оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында жужандарды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған (Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты – Ианту. Мұның бәрі 552-554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады. Бұл жылдары түркілердің батыста жасаған соғыс жорықтары күшті бола түседі. Оларды Бумынның басқа бір інісі Істеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары батысқа жасаған жорықтардың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайлақ» деп атап өзін қағанмын (Шисин було қаған) деп жариялайды. Бұл – өте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық әскери ұйымның шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара – Териш қаған (Шаболо Дилиши) өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі. Әрбір СКАЧАТЬ