Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.) - Қ. Жұмағұлов страница 8

СКАЧАТЬ қалыптасса керек: Кушан +авар.

      Ежелгі авторлардың жобалаулары бойынша, Эфталан атты патша болған, сонан соң оның аты халқына берілген. Бұл жерде авар атауы да дәл солай көсемнің аты болған, кейін тайпа атына берілсе керек. Осы екі көсем аттарын тайпа аттары және бұл екеуінің аты біріктірілген деп жобалауға болады.

      Эфталиттердің аварлармен араласқанын қытай деректері де келтіреді. Мысалы: Еда (эфталит) мықты мемлекет деп есептеледі және олар жужандармен құдаласып туысқан болған (жужандар – яғни аварлармен деген сөз) дейді. Сонымен, Византия және армян деректеріндегі Кушанавар терминіне анализімізді қытай деректері де дәлелдей түседі. Эфталиттік кушан қоғамында ғұн тайпасының ұрпақтары өздерінің өмір сүруін жалғастыра берді деп жобалауға болады. Бірақ, ең алдымен, аварлардың кушандармен бірігуі, олардың тайпа атауларына қол таңбаларын қайырғанын, бірінші ескеріп айту керек.

      Шығыстанушы ғалым А.Н. Бернштам эфталиттердің шығу тегіне сипаттама бере отырып, мына төмендегі сөздерді келтіреді: Эфталиттер –кушан (юечжи) тайпасының бір бөлігі дейді [3, с. 255]. Археолог, тарихшы С.П. Толстовтың көрсетуі бойынша, олар Орта Азиядағы ғұн тайпалары мен массагет – алан одағымен байланысқа түскендер дейді. Эфталиттердің саяси дамуына Каспийдің арғы бетіндегі Ирнахтың көшпелі ғұн тайпасы үлкен әсер еткен. Ғұн одағына жужан одағының шашырандыларының келіп қосылуы, көшпелілерге ғұн атының орнына жаңа этникалық – «авар» атауын береді. Ғұндық-аварлық тайпа одағының кушан одағының қалдықтарымен бірігіп Орта Азияда көшпелілердің саяси коалициясын құрады. Яғни бұл коалиция әлеуметтік-экономикалық өмірге үлкен өзгерістер алып келді, ең алдымен, ежелгі көшпелі өмірдің орнына отырықшылықты алмастырды. Бұл мәселеде С.П. Толстовтың тұжырымдары жемісті шешімдер береді. Сырдария мен Арал өңіріндегі «саз қалашықтар» ғұн – эфталиттердің қоныстары, ізінше қалалары мен гуздары дейді. Археологиялық қазба материалдарына қарап С.П. Толстов оларда шығыстық элементтердің, соның ішінде моңғолдық тіл қорларының болғандығын жоққа шығармайды [26, с.184-214].

      Бірақ моңғолдық белгілер V-VІ ғ. болған деп көрсетілген. А.Н. Бернштамның тұжырымдауы бойынша, жужан атының авар атауына ауысуы және олардың ежелгі аты – вархуни, кермхиондар сияқты өзгеруі дәл осы Сырдария мен Арал өңірінің даласында болуы мүмкін дейді. Осы жерде мүмкін шығыс жужандық этникалық элементтері «ғұн қоныстарына» отырықшы ғұндар, яғни жужандар өздерінің жалған аттарын қабылдаса керек. Яғни жоғарыда келтірілген дәлелдерді тұжырымдап қорытатын болсақ, Авар қағанаты сөзсіз Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық массаларының араласуының нәтижесінде пайда болған. Оны авар одағының күрделі әлеуметтік құрылымы дәлелдейді.

      Авар атауының шығуына келетін болсақ, Авар (avaris, avares) қағанатын құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар одақтың тарихы жайында ешқандай мемуар немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан СКАЧАТЬ