Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
Президент Б.Клинтонның екінші мерзімі (1996-2000ж.). 1996 жылғы президенттік сайлау науқаны екі басты үміткер – демократ Б. Клинтон мен республикалық партия өкілі Р. Доулдың қиян-кескі күресі мен дау-дамайына тап болды. Сол жылдың қазан айында Әділет министрі Д. Рино АҚШ-тың қоғамдық ұйымдарының атынан екі үміткердің ірі көлемдегі қаржыны мөлшерден тыс пайдаланды деген шағымдарын қарастыратынын жариялады. Ол екі партия да сайлау алдындағы мерзімде белгіленген шығын шектелімін асырғаны үлкен заң бұзушылыққа жататындығын дәйектеді.
Көп кешікпей америкалықтар екі үміткердің кәсіподақтар мен жеке корпорациялардан ақша алып, оны өздерінің сайлау алдындағы жарнамасына ұстағанын білді. Бұндай іс-қимылға заң бойынша қатаң тыйым салынған болатын. Кез келген қаражат белгілі бір үміткерді қолдауға емес, партияның керегіне жұмсалуы керек еді. Америкалық БАҚ келесідей мәліметтер көрсетті: Б. Клинтонның жақтастары өз үміткерлерін халыққа танымал ету шараларына 22 млн доллар жұмсаса, ал олардың қарсыластары – 9 млн доллар.
Республикалықтар Билл Клинтонның әкімшілігіне Иммиграция қызметі орталығына шетелден келген қоныс аударушыларға Америка азаматтығын беру үшін қысым көрсетті деп жала жапты. Расында да 1995 жылы Ақ үй басшылары «АҚШ азматтығы» атты бағдарлама жасап шығарған болатын. Ол бойынша елге жақында келген эмиграттардан 1,3 млн адам азаматтық алу керек болатын. Әрине, олардың барлығы алдағы сайлауда әрекет етуші әкімшілікті жақтады.
Көптеген жазғыру, дауларға қарамастан 1996 жылы сайлау науқанының басты мәселелері болып, салық, білім беру мен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін реформалау, жұмысқа орналасардағы тең құқықтылық және т.б. қала берді. Тележарыссөз кезінде Б. Клинтон сенімділік таныта отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы жылдардағы жетістіктерінде өз үлесінің бар екендігін де жасырмады. Шындығында бұндай жетістіктер елде өте көп болатын. 1992 жылдан бері 10,5 млн жаңа жұмыс орындары ашылды, қаржы дефициті 60 % төмендеді, халықтан алынатын салық көлемі азайтылды, соңғы жылдардағы инфляция көлемі ең төменгі деңгейде болды (жылына 3-4%). Сонымен қатар Клинтон әкімшілігі қылмыспен күресте үлкен шаралар атқарды: полиция қызметкерлерінің саны 100 мың адамға көбейтілді.
Республикалық партия өкілі Р. Доулдің президент Клинтонға шын мәнінде қарсы тұру мүмкіндігі болмады. Ол Клинтон әкімшілігін әлсіз сынға алып, америка халқына жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасауға уәде бергенімен, оның мәнін түсіндіре алған жоқ.
Сөйтіп, Б. Клинтон Рузвельттен кейінгі екінші мерзімге сайланған демократ болды. Ол сайлаушылардың 49 % даусына ие болды, ал Р.Доулды халықтың 41 %-ы жақтады. Тәуелсіз үміткер Росс Перо 8 % дауыс жинап, саяси күрестен тыс қалды.
Сайлау нәтижесінде Б. Клинтон өз жақтастарының санын көбейтті, оның ішінде әйелдер, имигранттар, қара нәсілді америкалықтар, жастар және католиктер болды. Жалпы СКАЧАТЬ