Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
Шіркеу ұйымдарының құрылуымен, материалдық базаның нығайуы империяда монах институтын қалыптастырады. Шіркеулер мен монастырьларға жоғарғы билік үнемі қолдау көрсетіп отырды. Оларды салықтардан, міндетті жұмыстардан босатты. Шіркеу басшылары қарамағындағыларды сотқа тарту құқығын иеленді.
ІV-V ғасырлардағы Византия орталықтанған әскери-бюрократиялық монархия болды. Барлық үкімет билігі императордың (васильевс) қолында еді. Ол жоғары сот қызметін атқарды, сыртқы саясатты басқарды, заңдар шығарды, әскердің бас қолбасшысы болды. Оның билігі құдайдан дарыған деп саналды. Император билігін мұрагерлікпен иелену заң жүзінде бекітілмеді. Бірақ іс жүзінде билік әкеден балаға мұра ретінде қала беретін. Мұрагердің тақта отыруы немесе айырылып қалуы жеке басының қабілетіне байланысты еді. Императордың кеңесші органы «сенат» немесе «синклит» деп аталды. Олар әскермен және халық өкілдерімен бірлесе отырып, император сайлайтын, ал патриарх таққа отырған императорға тәж кигізетін.
Ел императордың кеңсесінен басқарылатын. Бүкіл ел Шығыс және Иллирик болып екі префектураға бөлінді. Префектуралар өз кезегінде диоцездерге, ал диоцездер провинцияларға (50) бөлінді. Диоцездер мен провинциялардың басшылары – викарийлерді префекттер тағайындап отырды. Азаматтық билік әскери биліктен бөлінді.
Византия империясында мемлекеттік қызметтің үш түрі болды: әскери, азаматтық және сарайлық. Мемлекеттің тағдырын азаматтық билік иелері шешіп отырды. V ғасырда Византия әскерінде жарты миллион сарбаз болды. Ол шекаралық әскер, орын ауыстырып отыратын әскер және Константинопольде орналасқан ұлан болып бөлінді. Әскерді бес магистр басқарды. Әскер алғашында византиялық шаруалардан жасақталса, кейіннен, негізінен, жалдамалылардан тұратын болды. Үлкен әскер мен күшті флотының арқасында Византия өз шекараларын варварлардан қорғай алды, тіпті өзі де шапқыншылық соғыстарын жүргізіп отырды.
Ерте ортағасырлық Византияның қоғамдық өмірінің ерекшелігі астана мен ірі қалаларда цирктік партиялар – «димдердің» болуы еді. Төрт партияның ішіндегі ең белсенді әрі ықпалдылары «венеттер» мен «прасиндер» болды. Біріншісі православие дінін мойындайтын, ақсүйектер мен әкімдердің, байлар мен шенеуніктердің мүддесін қорғайтын партия, екіншісі қолөнершілер мен саудагерлердің мүддесін көздейтін СКАЧАТЬ