Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
Византия империясының күшейген кезі І Юстиниан билік құрған кезі (527-565) болды. Өте білімді, еңбекқор, батыл, қатал әрі бірбеткей бұл император Рим империясын қайта қалпына келтіру үшін, яғни герман тайпалары жаулап алған Батыс Рим империясын қосып алу үшін күресті. Бірнеше соғыстар нәтижесінде Юстиниан Италияны, Солтүстік Африканы, Испанияның оңтүстік-батысын өз империясына қосып алды. Нәтижесінде Византия империясының аумағы бұрын-соңды болып көрмеген шектерге дейін ұлғайды. Юстиниан табыстарының сыры жүргізген реформаларында еді. Юстинианның аграрлық реформасы егін шаруашылығының дамуына ықпал етті. 536 жылы империяны әкімшілік жағынан басқару орталықтандырылды. Византияның өзге императорларындай емес, Юстиниан өнер мен сәулет өнеріне қатты көңіл бөлді, оны өзінің саяси-экономикалық мақсаттарына пайдаланып отырды.
Юстиниан таққа отырған екінші жылы «Азаматтық құқықтар жинағын» жасауға кіріседі. 529 жылы арнаулы топ құрып, оған қолда бар заң туралы материалдарды жинақтап, оны дәуір талаптарына сай өңдеуге, қайшылықты тұстарын алып тастауға жарлық береді. Нәтижесінде Рим құқықтары нормаларының ерекше жинағы дүниеге келіп, ол еңбек «Юстинианның азаматтық құқықтар жинағы» деген атпен тарихқа енді. Бұл жинақ кейін Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы көптеген елдердің заң шығару саласына зор әсерін тигізді.
Юстинианның билігі кезінде империя славяндар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды, сасанидтік Иранмен ауыр соғыстар жүргізді. Юстиниан билігі кезінде христиан шіркеуі императорлардың одақтасына, мемлекеттің тірегіне айналды. Империя ынтымағын нығайтқан дін бірлігінің нышаны ретінде әрі 532 жылғы 11-17 қаңтар аралығындағы «Ника» көтерілісін басу құрметіне арнап 532-537 жылдары Константинопольде Әулие София храмын салғызды. «Ника» көтерілісі венеттер мен прасиндер партияларының теке-тіресінен басталып, өкімет екі партияның қолға түскен өкілдерін бірдей дарға асып, жазалау туралы шешім қабылдағанда ушығып кеткен еді. Бұл шешім екі партияның бірігіп кетуіне, прасиндер мен венеттер арасындағы жанжалдың императорға қарсы көтеріліске айналуына себеп болған еді.
Көтеріліс басылғаннан кейін империя бірте-бірте экономикалық және саяси тұрақтылық кезеңіне көшті. Юстиниан билеген кездегі экономикалық табыстар Византияның ішкі және сыртқы қуаттылығын бұрын-соңды болып көрмеген деңгейге жеткізді.
Иконға қарсы күрес. Павликиандар қозғалысы. VІІІ-ІХ ғасырларда орталық өкімет билігінің әлсіреуіне байланысты шіркеу мен монахтар ықпалы күшейді. Икондар мен діни ғұрып бұйымдары шіркеудің қалың халық бұқарасына ықпал ету құралы еді. Әрі олар шіркеуге өте көп табыс түсіріп тұратын. Иконға табынуға қарсы бағытталған соққы ортодоксалды шіркеумен қатынасты үзу деген сөз еді. Иконға қарсылық, ең алдымен, Константинопольдағы жер иеленуші әскери ақсүйектер мен сауда-қолөнер саласындағылардың билік құрушы шіркеу мен мен монастырьлардың СКАЧАТЬ