Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 9

СКАЧАТЬ патшалар, вельможалар, княздер, тіпті, боярлар деген сөздер орын алады. Мұның бәрі бізбен жөнделді. Дерекпен тиянақты салыстыру арқылы, аудармашы елемеген жақтарға түзетулер жасалды», – деген.

      Марко Поло әрине, зерттеуші ғалым болған жоқ. Бірақ, оның бойына біткен дарыны, Құбылайдың тұсындағы биік қызметі, Еуропадан Қытайға және кері қарайғы саяхаты ғалым миссионерлерге қарағанда, көптеген тарихи-этнографиялық мәліметтер жинауға мүмкіндік берді. XIV-XV ғасырларда Марко Поло «Кітабы» Азияның жағрафиялық карталарын құруға негіз болады, XV-XVI ғасырлардың басында ұлы жағрафиялық ашулар тарихында үлкен рөл атқарды. Сауда жолдамаларын, коммерциялық анықтамалар жасауға, мысалға: Азия елдерінде болған Франческо Бальдичи Пеголоттидің (XIV ғасыр) «Сауда тәжірибесі» атты жолдамасын жасауға да қолданылды.

      Марко Поло «Кітабына» пікір жазушылар үлкен Пололардың Волга өзенінен хан тұрағына дейінгі жолдарын табуға тырысқан. Бұл жөнінде кітаптың «Прологы» өте аз хабар береді.

      Миниатюра. «Марко Полоның Қытай қаласына келуі» «Марко Поло саяхаты» кітабынан

      Комментаторлар тек жанама мәліметтерді ғана негізге алған. Сонымен қатар араб географтарының, католик шіркеуінің миссионерлері мен елшілерінің суреттемелерін және басқа да тарихи материалдарды негізге алады.

      Қазіргі кезде Марко Поло «Кітабының» түпнұсқасы жоқ, тіпті, оның нақты қай тілде жазылғаны да белгісіз. Тек ертедегі қолжазбалары мен әртүрлі тілде басылымдары сақталған. Оқырманды, жоғарыда айтып кеткеніміздей Марко Поло Қытайда болды ма деген сұрақ мазалауы мүмкін. Он алты жыл Қытайда өмір сүрген уақыт ішінде Ұлы Қытай қамалын байқамаған, Қытай шайының дәмін татпаған деген күдіктер тууы да ықтимал. Сонымен қатар кітап басылымы, құстарды инкубаторлық жолмен өсіру тәсілін де айтпай кеткен. Марко Поло Қытайда тек шетелдіктермен ғана қарым-қатынасқа түскен сияқты, өйткені кітаптағы барлық қытай атаулары моңғол немесе араб тілінде естіледі. Бұл сауалдарға былай жауап беруге болады: Марко Поло саяхатынан кейін, жылдар өте оның кітабы бірнеше тілдерге аударылып, көшірілген. Әр көшірме, әрине бастапқысынан ерекшеленген. Ортағасырлық кезеңнің өзінен бізге дейін сексеннен астам көшірмесі жеткен. Бұдан анықтайтынымыз, мүмкін көшірмелер қысқартылған түрінде жазылған болар және сол қалып қалған беттерде жоғарыда айтылған ескертпелер сақталуы мүмкін. Ал Марко Полоның жеке тұлғасына келетін болсақ, оның шын мәнінде, өмір сүргеніне еш күмәніміз жоқ, мұны дәлелдейтін төл құжаттар бар.

      Марко Поло өзінің саяхаты кезінде Моңғол ханының ауласында он жеті жылға жуық қызмет етеді. Сол уақыт ішінде моңғол дәстүрін, тілін үйренеді. Төрт әліппе үйренген – араб, сирия, ұйғыр және төртбұрыш моңғол жазулары. Сол кездегі моңғол ханы Құбылайдың сеніміне кіріп, ол ханның қызметшісі ретінде Қытайды оңды-солды аралап, СКАЧАТЬ