Название: Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы
Автор: Гүлжан Беделова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-247-834-1
isbn:
Келесі бір дерек – Марко Полоның «Кітабы». Ол орта ғасырдағы құнды шығармалардың қатарына жатады, әлемдік әдебиеттердің «алтын қорына» кірген, көптеген еуропалық және басқа тілдерге аударылған. «Кітаптың» алғашқы жазылымынан (1298) біраз жыл өтсе де, ол тек тарих, этнография, жағрафия, филология мамандарының ғана емес, кең көлемде оқырман қауымының да қызығушылығын тудырады. Венециандық саудагер Марко Полоның еңбегі жөнінде И.Л. Коростовец: «Еуропа мен Азия қарым-қатынасын дәлелдейтін қызықты құжат, Марко Полоның қалдырған… Қытайға саяхатының сипаттамасы болып табылады. Оның кітабын романға теңестірген бұрынғы тұжырымдарға қарсы… кейінгі кезгі зерттеулер еңбектің түп дерек екенін анықтады», – дейді.
Марко Поло «Кітабында» тек өзі немесе ағайынды Пололар жүрген, көрген жерлер ғана сипатталмайды, сонымен қатар басқа елдер де, кейбір тіпті өте алыс мекен жайларға көңіл бөлінеді. Марко Поло өзінің тыңдаушыларына бүкіл Азия, Солтүстік Еуропа, Үнді мұхиты жағалауында жатқан елдер жөнінде мағлұмат бергісі келді. Егер «Кітаптың» әр бөлімінде шашырап жатқан материалды жинақтасақ, венециандықтың жағрафиялық білімінің болғанын көруге болады. Осындай «Марко Полоның әлемі» үлгісіндегі картаны, «Кітаптың» ағылшын комментаторы Г. Юл құрған.
XIV-XV ғасырларда Марко Полоның «Кітабы» Азияның жағрафиялық картасын жасауда қолданыс тапты. Марко Полодан алынған жағрафиялық номенклатура, 1375 жылғы атақты «Каталондық әлем» картасында және басқа да карталарда, соның ішінде 1459 жылы Фра-Мауро картасында да қайталанды. Бірақ, әрине, кейінгі ортағасырлық картогровтар басқа да деректерді қолданды.
Жағрафиялық ашулар тарихында да Марко Поло «Кітабы» үлкен рөл атқарды. XV ғасырдағы португалдық экспедициясының және XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басындағы алғашқы испандық экспедициялардың басшылары мен ұйымдастырушылары, «Ұлы космогровтар» мен теңізшілер, соның ішінде Христофор Колумб Азияға қатысты жерлерде Поло еңбегінің көмегімен жасалған картаны қолданумен бірге, оның шығармасын да әрдайым қол астында ұстаған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ашулардың көп тарихшылары Колумбтың «Кітапты» қолданғанына күмәнданды. Олардың айтуынша, Колумб ол жөнінде тек XV ғасырдағы кейбір жазушылардың айтқандарынан немесе еңбектерінен білген. Мұндай пікір, Марко «Кітабының» латын тілінде, жиегінде Колумбтың белгілеген жазбалары бар нұсқасы табылғаннан кейін (шамамен, 1485 ж. жарыққа шыққан) жоққа шықты.
Өзінің негізгі бөлімінде Марко Поло «Кітабы» Қытай, Моңғол, Үндістан тарихы және Орталық Азия мен Алдыңғы Азияның кейбір халықтарының тарихы үшін маңызды болып табылады: олардың тұрмысы, экономикасы, әскери өнері жайлы құнды мәліметтер береді.
Марко Поло СКАЧАТЬ