Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 12

СКАЧАТЬ білдіреді. Онда: «Менің бұйрығым қылыш болады», – дейді. Мұнымен бәрі келіседі. Содан кейін оны киізге отырғызып: Аспанға қарап құдайды біл, төменге қара өзің отырған киізді көресің. Егер сен жақсы патшалық етсең, қолың ашық және әділетті болсаң, дәрежесіне сай әр мырзаны құрметтесең, даңқты билік құрасың және бүкіл әлем сенің алдыңда бас иеді, құдай сен қалаған бар нәрсені орындайды. Ал егерде сен жағымсыз істер жасасаң, онда бақытсыз, астыңдағы киізге жарымайтындай кедей боласың және тақтан құлайсың», – дейді Осы сөздерден кейін барондар Гога мен оның әйелін кигізге отырғызып, жоғары көтеріп, қошеметтеп «Бүкіл татарлардың ханы және ханшайымы» деп жариялайды».

      Сен-Кентино әңгімелері Плано Карпинидің мәліметтеріне өте қызықты қосымша болып табылады. Сен-Кентин 1245 жылы папа Инокентий IV Парсы жеріндегі моңғол әскер басшысы Байжуға жіберген Асцелин бастаған елшіліктегі төрт доминикандықтың біреуі болған. Ол Плано Карпини сияқты өзінің саяхаты жөнінде мәлімдемелер қалдырған. Бұл үзінділерден көретін тағы бір жайт, католиктік монахтар Орталық Азияға кірген ең алғашқы тарихи танымал еуропалықтар болған жоқ. Жоғарыда көрсеткендей Құйық ханның ордасында Плано Карпини бір топ орыстарды кездестірген, солардың біреуі – орыс князі Ярослав Всеволодович.

      Елшілік істерге назар аударатын болсақ, Плано Карпини: «Қасиетті Мартин күні (11-қараша) бізге екінші рет Кадак, Хингай, Бала және көптеген хатшылар келіп, хатты толық түсіндірді. Біз оны латынша жазғаннан кейін, бір де бір сөзіне қателеспес үшін оны қайта өз тілдеріне аудартты. Екі хатта жазылғаннан кейін, оны бірнеше рет оқытты», – дейді Құйықтың хаты парсы тілінде ұзын (1 м 20 см), бірақ жіңішке (ені 20 см) қағазға жазылған, ол екі жабысқан бөлшектен тұрады. Хаттың соңында және жабыстырылған жерлерінде қызыл түсті мөрдің ізі қалған. Бұл хат жоғалған болып есептелген және моңғолтанушылар оның мағынасы жөнінде әртүрлі болжамдар құрған. Ондағы сарацин тілінде дегенді, парсы тілі деп түсіну керек. Хат 1920 жылы Ватикан мұрағатында поляк ғалымы, монах Кирил Королевскиймен табылған, фото суретке түсіріліп, әрі қарай зерттеу үшін ирантанушы Массэге берілген, ол ең алғаш рет бұл хаттың аудармасын жасаған. Бертін келе хат зерттеліп, Францияның ірі зерттеушісі Поль Пелльомен қайта аударылған, оның парсы тілінде мәтіні, аудармасы және пікірі жарияланған. Хатта: «Көк тәңірдің мәңгілік күшімен (біз) бүкіл халықтың ұлы Далай-ханы; біздің бұйрығымыз. Бұл бұйрық Ұлы папаға, ол білу және түсіну үшін жіберіледі.

      Karal аймағындағы кеңестен кейін, сіздер бізге тағзым ету жөнінде, елшілер арқылы өтініш жібердіңіздер. Егер сіздер сөздеріңізде тұрсаңыздар, онда сен Ұлы папа, біздің жеке тұлғамызға өздерің келіңдер, осы кезде Яссының әрбір бұйрығын тыңдатамыз.

      Және тағы. Сіз айттыңыз егер мен кресті қабылдасам жақсы болады деп; сен бізге өтініш жасап, ақылды қадам жасадың, бірақ біз бұл өтінішті түсінбедік.

      Және тағы. Сіздер маған мынандай сөздер жібердіңіздер: «Сіздер бүкіл СКАЧАТЬ