Название: Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы
Автор: Гүлжан Беделова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-247-834-1
isbn:
«Мильоне» деген атақ, байлығына байланысты берілген деген ортағасырлық авторлардың мәліметтері әртүрлі ойлар тудырды. Ормандинидің зерттеулері Марко Полоның мүлкі туралы мағлұматтар береді. Мұндай тізбектеу, Поло жанұясына қатысты сот жазбаларынан алынған, яғни Марко Полоның қайтыс болған уақыты жөніндегі, Фантино Полоның (Марко Полоның қызы) іс-қағазынан. Мүлік тізімі бірнеше беттерден тұрады. Негізінен әртүрлі маталар атаулары жазыл5ан.
Бұл мәселемен айналысқан зерттеушілердің пікірінше, Марко Полоның қаржылық жағдайы орташа болған. Марко Полоның мұралық қағазындағы ақша төлем бірліктерін зерттеуге тырысқан Джузеппе Кастепани, өзінің 1924 жылы шыққан мақаласында, оның дүние мүлкі XIV ғасырда, яғни өз заманында жоғары болғанмен, Рамузио және ортағасырлық тағы да басқа авторлар айтқандай, өзінің саяхатынан керемет байлықтар алып келуіне күмән бар. Ал егер де ол өте бай болды деп ойлаған болсақ, онда ол саудада үлкен ұтылысқа ұшыраған немесе генуездіктермен соғыста бар байлығын жоғалтқан. Бірақ, мұндай тұжырымды дәлелдейтін ешқандай деректер жоқ, сондықтан венециандық саяхатшы қарапайым өмір сүрген және өмірінің соңында кедей болмаса да өте бай адам да болмаған деуге болады.
Сонымен Марко Поло «Кітабы» кемшіліктеріне қарамастан азиялық Шығыстың жолдамасы болды дей аламыз. «Кітаптың» алғашқы данасының жазылуынан бері (1298) бірнеше ғасырлар өтсе де, ол тек – тарих, этнография, жағрафия, филология мамандарының ғана емес кең көлемде оқырман қауымның да қызығушылығын тудырады. Марко Поло оқырмандарына, әлемнің кереметтілігін айта келе, ертегідей бай елді суреттей отырып, осы өмірді қадірлеуді, бағалауды үйретеді.
Жалпы, аталған еңбектер біз алып отырған дәуірдің тыныс тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, Батыс пен Шығыс елдері арасындағы дипломатиялық, сауда байланыстарын, осы салаларда болған өзгерістер мен ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік береді.
Сұрақтар:
1. Осы оқу құралында алынып отырған кезең бойынша Шығыс жайында қандай Батыс жазба деректерін білесіз?
2. Венециандық Марко Поло саяхаты жөнінде не айта аласыз?
3. Марко Поло еңбегі қандай шығармалар қатарына жатады?
ІІ БӨЛІМ
ХІІІ-XIV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ
1-тақырып. Қытайдың саяси, дипломатиялық жағдайы
X ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960-1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Елдің солтүстік аймақтарын көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді, СКАЧАТЬ