Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 8

СКАЧАТЬ мальябекьяндық кітапханада сақталған. Бірақ, бұл аударма Юлдың айтуынша, біршама құртылған. Осы уақытқа сонымен қатар, латын тіліндегі аударма да жатады. Оны Болониядан шыққан монах Франциско Пинино қысқаша аударған. Француз тіліндегі қолжазба, сол кезеңдерде неміс тілінде де жарық көрді, 1477 жылы Нюрнбергте басылып шықты. Уақыт өте венециан, испан, чех, каталон, арагон, және басқа да тілдерде аудармалар пайда болды. Пікір жазушылардың айтуынша Марко Поло саяхатының үш нұсқасы: Рустичано мәтіне, Потье мәтіні және Рамузио мәтіні: жеке мағынаға ие. Алғашқы екеуі шыққанға дейін, Рамузионың нұсқасы ең жақсысы болған, оған өзінің назарын, тарихи жағрафиялық қосуларымен Марко Поло саяхатының ең бірінші басылымын шығарушы Н. Марсден аударған. Марко Поло «Кітабына» пікір жазушы Л. Нейман Рамузионың нұсқасын өзінің басылымдарының негізіне алған. Оның ойынша бұл нұсқадағы ерекшеліктер, 1298 жылдардан кейін саяхатшының жасаған түзетулері мен қосулары. Ал Мэррей және Лазари сияқты пікіршілер Рамузионың мәтінен толық жоққа шығарып, XIII ғасырдың көшірмесі деген. Қазіргі кезде Поло кітабының 119 нұсқасы табылған (әртүрлі үзінділерді санамағанда).

      Марко кітабы жарық көргеннен кейін көп ұзамай Флоренцияның тарихшысы Джовани Виллани (шамамен 1275-1348 ж.) сілтеме жасайды. Татарларды суреттей отырып Веллани: «Ал кім олардың істері жөнінде тиянақты білгісі келсе, папа Климент V қолдауымен жазылған Армениядағы Колкостың билеушісі Айтон Хайтон кітабын қарасын, сонымен қатар мессер Марко Поло жазған, «Мильоне» деген атпен белгілі кітапты қарауға болады: ол, олардың құдыреті мен билігі жөнінде көп айтады, өйткені олардың арасында көп уақыт өмір сүрген. Енді біз татарларды қойып, өзіміздің мәселемізге көңіл бөлейік – Флоренция істеріне», – деп жазады. Батыста Kітап басылуды ойлап шығарудан бұрын Марко Поло мәліметтері, оқушыларды қызықтырған, оған Марко кітабының фрагменттері, XV ғасырда бірқатар елдерде табылуы дәлел бола алады.

      1814 жылы герцог Девонширский, Уотерфорд графтығында, өзінің ирландық Лисмор замогын жөндеуге бұйрық береді. Оның ішінде жұмысшылар, кірпіштен қаланған есікті табады. Есікті ашып, арғы жағынан, ішінде көне епископтық посох және қандай да бір қолжазба сақталған жәшікті тауып алады. Бұл, қазіргі атақты, өзінің табылған жеріне байланысты «Лисморлық кітап» деген атпен белгілі, кітап 1839 жылға дейін зерттелмеген. Оны ирландық зерттеуші Юджин О Карри қарап шыққаннан кейін, әртүрлі аңыздар мен Ұлы Карл жөніндегі әңгімелердің ішінде, Марко Поло кітабынан үзінділердің бар екендігі анықталды, барлығы он беттен астам, ол гэль тілінде жазылған. Полоның кітабы, шамамен, 1460 жылы, Фингин Мак-Карти Ригаға, лорд Кэрбериға және оның әйелі Кетрин, қызы Томасаға, Десмондтың сегізінші графына арналып аударылған болу керек.

      Марко Поло «Кітабының» орыс тіліндегі аудармаларына келетін болсақ, ең алғашқысы А.Н. Шемякин редакциясымен 1861-1862 жылдар аралығында Мәскеу университетінде басылып, бір жылдан кейін, «XIII ғасырдағы венециандық саяхатшы Марко Поло» деген атпен жарыққа СКАЧАТЬ