Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 3

СКАЧАТЬ кеттік, мен сені жеткізіп тастайын. (екеуі кетеді)

      Лариса. Ой, қандай қызық! Мен де ислам дінін қабылдасам қайтер екен? Маған өзі хиджап жараса ма? Киіп көру керек. Осы біздің қалада хиджап сата ма екен? Әлде паранжа киіп аламын ба… (паранжа киген әйелдің жүрісін келтіріп кете барады)

      Бірінші көрініс

      Спортзал. Ішінде қос-қостап бөлініп, шығыс жекпе-жек күрестерінің бір түрімен жаттығу жүргізіп жатқан жігіттер. Олардың үстінде біркелкі униформа. Барлығы шетінен қара қаба сақалдылар. Олардың арасында бір мосқал адам жүр, ол жаттықтырушы. Ол, кезекпен, бір жұптан екінші жұпқа жақындап келіп, жекпе-жекті тоқтатып ескерту жасайды. Сонан кейін күрес тағы да жалғастырылады. Жігіттер еміс-еміс айқайлап қояды, дауыстары спортзал ішінде жаңғырып тұр. Ғабдуррахман шейх келеді. Оның үстінде шапан, басында ақ сәлде, аяқтарында мәсі. Шейх кірісімен жаттықтырушы күресті тоқтатады да жігіттер Ғабдуррахманға жүздерін бұрып тұра қалады.

      Ғабдуррахман. Ассаламү ғалайкүм, уа рахматуллаһи уа баракәтүһ!

      Жігіттер. Уа ғалайкүм ассалам, уа рахматуллаһи уа баракәтүһ!

      Ғабдуррахман. Мұсылмандар! Ұлы Халифат орнату үшін басталатын жиһадқа дайын болыңдар. Рухтарыңды да, денелеріңді де шынықтырып, пайғамбарымыздың зульфикар семсеріндей өткір болып шыңдалыңдар. Өйткені біз жақын арада исламның жасыл туын көтереміз. Иә, біздің қатарымыз әлі сирек, сарбаздар әлі аз, бірақ біз күннен күнге көбейіп келе жатырмыз. Біздің туымыздың астына жақын уақытта жүздеген, мыңдаған мұсылман қосылады. Ол күн алыс емес. Ол күн келеді, сонда біз бүкіл жамандық атаулыны, бүкіл күнәһарлар мен қылмыскерлерді, бүкіл кәпірлерді жер бетінен жойып жібереміз. Аллаһтың сарбаздары! Сол күнге дайын болыңдар! Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммад расулуллаһ!

      Жігіттер. Лә иләһә иллалаһ, Мұхаммад расулуллаһ!

      Ғабдуррахман. (оң қолының жұдырығын жоғары көтеріп отырып көтерінкі дауыспен) Аллаһү Акбар!

      Жігіттер. Аллаһү Акбар!

      Ғабдуррахман. Аллаһү Акбар!

      Жігіттер. Аллаһү Акбар!

      Ғабдуррахман. Аллаһү Акбар!

      Жігіттер. Аллаһү Акбар!

      Басқа бір есік ашылып бір жігіт Асқарды ертіп кіреді. Имамның үстінде тон, басында бөрік – осының бәрі күннің қыс екенін айқындап тұр.

      Асқар. Ассаламү ғалайкүм, мұхтарам жамағат!

      Жамағат. (бірауыздан) Уа ғалайкүм ассалам!

      Ғабдуррахман. (имамды қарсы алып, сәлемдесіп екі қолын береді) Ассаламү ғалайкүм.

      Асқар. (шейхтың қолын алып) Уа ғалайкүм ассалам. Менің есімім Асқар. Мен осы қаланың мешітінің имамымын. Мені осында шақырған сіз бе?

      Ғабдуррахман. (Асқардың сыртқы киімін шешісіп есіктің жанындағы ілгішке іліп жатып) Иә, мен. Асеке, сізбен танысқаныма өте ризамын. Менің есімім Ғабдуррахман. Мен біздің ұйымымыздың шейхімін.

      Асқар. СКАЧАТЬ