ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези. Рустем Серікұлы Сауытбай
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези - Рустем Серікұлы Сауытбай страница 6

СКАЧАТЬ жолаушылар сол Жалдама қаласына аттанады. Жолдың бойында ат-арбамен сол қалаға қарай бара жатқан кісіні кездестіреді. Жасыл шапанды, ақ сақалды кісі əндетіп отырған еді.

      Елдес бірден бар дауысымен айғай салды:

      – Ағатай, Жалдамаға бара жатырсыз ба? Бізді де ала кетесіз бе?

      – Жарайды, отырыңдар, – деп қарт бірден келісе кетті.

      Екеуі арбаға жайғасып алады.

      Рауза бірден Нуа туралы сұрай кетеді:

      – Сіз Нуа деген кісіні білесіз бе? Сол кісіні іздеп жүр едік, – дейді.

      Ол кісі бірден тоқтай қалып:

      – Ия, білем. Яғни, ол менмін. Не үшін іздеп жүрсіздер? – деді таңғалып.

      Екі саяхатшы бірден қуанып:

      – Сіз бе? Біз Шококент патшалығынан боламыз. Патшамыз Шокохан сізге жолығып дəріс алуымызды тапсырып еді.

      Нуа сол кезде:

      – Патшаларың айтса айтқан шығар. Ол маған патша емес. Ешқандай сабақ беруге мұршам жоқ. Уақытым да жоқ, – деді.

      Елдестің түрі аянышты болып:

      – Тұздейімдіктер біздің дəндерімізді ұрлап əкетті. Ол қандай дəндер екенін білесіз ғой. Қайтармасақ құрыдық.

      – Ұрлап əкетті дейсіздер ме? Қалай сонда? Ол мүмкін емес еді ғой, – деді қария. – Іштеріңнен біреу сатып кеткен ғой.

      – Біз сол сиқырлы дəндерді қайтарып алғымыз келеді. Шокохан бізді жіберді, – деді Рауза аздап ыңғайсызданып.

      – Демек көптен күтіп жүрген қонақтарым боласыңдар. Жүріңдер, менімен еріңдер, – деп орманға қарай бет бұрады. Жолаушылар сұрақ қоюға дəті бармай, жылы жүзді қарияның артынан ілесе береді. Неге екені белгісіз, бірақ іштеріңнен қарияға сенуге болатынын сезеді.

      4. Нуа ұстаз

      Біраз жүрген соң халвадан жасалған үй көрінеді. Терезелері тас кәмпиттен. Ішіне кірсе, бір бойжеткен дастархан жайып жатыр екен. Олар сəлем беріп дастархан басына жайғасты. Ақсақал сөз бастайды:

      – Мен осы жерде туғанымнан бастап мекен етіп келем. Сендердің кім екендеріңді білем жəне қайда бара жатқандарыңды да білем.

      – Қайдан білесіз ата? – деп шыдай алмай Елдес сұрай кетті.

      – Сендерді түсімде үш рет көрдім. Сол көргенімнен бері сендерді Ақкөлдің жағасында күнде күтіп жүрмін. Сендер Тұздейімге сиқырлы дəндерді қайтаруға бара жатырсыңдар. Білесіңдер ме, бұл ұрлық əр мың жылда бір рет болады. Ол дəндерді қайтару оңай емес. Шококент патшасы өз əскерлерінің орнына арнайы сендерді жіберіп отыр. Тіпті мыңдаған əскер жіберсе де, Тұздейімдіктерге күші жетпейді.

      Елдес сол кезде күліп жіберді:

      – Сонда мен «мың баламын» ба?

      Қария сөзін жалғастырып:

      – Мың баласың ба, əлде жүз мың баласың ба, оны əлі көре жатармыз. Тарихта дəндерді қайтара алмаған кездер де болған. Сондықтан абай болу керек.

      – Бұл нешінші ұрлық білесіз бе? – деп Рауза сұрақ қойды.

      – Бұл он жетінші рет болып отыр. Төрт рет аттанған адамдар нəтижесіз оралды.

      – Дəндерді қайтара СКАЧАТЬ