ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези. Рустем Серікұлы Сауытбай
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези - Рустем Серікұлы Сауытбай страница 5

СКАЧАТЬ сегіз күн.

      – Ха-ха-ха, – деп бəрі күліп жіберді.

      – Шынында да өте күлкілі жұмбақ, – деді Дойын.

      Осылайша, Елдес өте күлкілі əңгіме айтып бітіреді. Бәрі күліп, кеме де күлкіге толып, ұшуға толығымен дайын қалпына келді. Кеме ақырындап көкке көтеріле бастайды. Олар биіктен әдемі көріністерге куә болды. Бұндай биіктікке бұрын-соңды шықпаған саяхатшылар ауыздары ашылып аң-таң болады. Олар бұлттардан асып, таулардан да биігірек көтеріледі.

      Олар биіктен айналаны зерттеуге кіріседі. Елдес қолымен көрсетіп:

      – Анау тауға ұқсап тұрған не? Бірақ таудан да биік əрі əлдеқайда ұзын, – дейді.

      Дойын оны бірден түсінеді. Оның жауабы дайын еді, өйткені бұл сұраққа ол талай рет жауап берген.

      – Бұл – жердің қыры. Жер төртбұрыш болғандықтан, дəлірек айтқанда, куб тəрізді болғаны үшін қырлары болады, – деп жауап берді Дойын.

      Елдес сонда:

      – Жер сонда шар тәрізді емес пе!? – деп таңғалады.

      – Жоқ, жердің беті жазық, квадрат пішінді. Неге екенін білмеймін, адамдардың көбісі жерді домалақ деп ойлайды. Бұл дегенің мүмкін емес қой. Бұл тек ертегілерде болады ғой! – деп қарқылдап күліп жібереді Дойын.

      Расымен де төртбұрышты жер биіктен өте керемет көрінеді екен. Кеме көтерілген сайын Ақкөл кішірейіп ақ дақ сияқты боп қалды. Көгілдір су жердің басым бөлігін кұрап жатты. Бұл əдемі де сиқырлы кубтың қырлары түп-түзу екені биіктен анық көрінді. Дойыннан басқасы бұл керемет сұлулықты тамашалауда еді. Төртбұрышты жер таңдай қақтыра сүйсіндірді. Ал Дойын болса тамақ ішіп қолы босамай жатты.

      Елдес болса:

      – Ананы қара, Рауза! Солтүстік жаққа метеориттер түсіп жатыр, – деді қолымен көрсетіп.

      – Ия, көріп тұрмын.

      – Əдетте метеориттер осыншама көп түспеуші еді, – деді Елдес.

      – Айтпақшы, бір кітап бойынша жақын арада көп метеориттер түсу керек екен. Олардың құрамында темір деген бір нəрсе болады екен, – деді Рауза ойын жинап.

      – Темір, ол не екен сонда? – деп таңғалды Елдес.

      – Өзі қатты, əрі ауыр болады жəне оның пішінін балқытып өзгертуге болады екен, – деді Рауза жымиып.

      – Сиқырлы нəрсе десеңші.

      – Ол метеориттерге шамандар солтүстікке барып, «Əрікетші» деп айғалап кері дұғалар жасап жүр деп естігем.

      – Ия, тілі келмейтіндер Əрікетка неме Əрктика деп айтып кетіпті.

      Кеме бұлттардың арасымен жүзіп, ауа толқындарымен бірге теңселіп, самғап кете берді. Ұлан-асыр ауа мұхиты кемені бар күшімен жетектеп отырды. Сәлден соң кемедегі жолаушылар тəтті ұйқыға кетті.

      Ертесі күні барлығы бір уақытта оянады. Таңғы асқа сүт пен шоколад жеп алады. Дойын жанармай жағдайын тексеріп келеді. Келісімен:

      – Əзіл айтатын уақыт болды. Менің өз əзілім бар: Біреуге ренжіген кісі «жер домалақ əлі көрісеміз» деп айтқан екен, – дейді.

      Үшеуі де қатты күлгендерінен жерге құлап кете жаздап, әрең дегенде өз өздеріне келеді. Ең қызығы, барлығынан СКАЧАТЬ