ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези. Рустем Серікұлы Сауытбай
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези - Рустем Серікұлы Сауытбай страница 4

СКАЧАТЬ емес. Өйткені, кейбір жерлері ашып айранға айналып жатты. Кеме айранды жерде жүзе алмай тұрып қалады. Балықтары да сүт көлінде жүзіп сүтқоректі болып кеткен.

      Көлдің арғы бетіне жету үшін тек бір ғана амал бар. Ол – ұшатын кемемен өту. Ұшатын кеме көлдің жағасында болу керек. Олар көлді жағалап кемені іздеуге кіріседі. Бір күн бойы іздеп, екінші күні алыстан кемені байқайды.

      Рауза қуанғанынан секіріп жіберіп:

      – Алақай! Таптық! – деп жан даусымен айқай салды.

      Екеуі де шаршағандарын ұмытып кемеге қарай ұмтылады. Ұшатын кеме алыстан көз жауын алып тұр. Ол қара ағаштан жасалып, қызыл ағашпен əрленген еді. Ұшатын кеме үлкен жəне əдемі көрінеді. Жақындаған сайын əдемілігі арта түсті. Кеме жағадағы құмда тұрды. Екі жағынан құлап кетпес үшін жуан таяқтармен бекітіліп қойған. Кеменің қасында иесі жүр. Кеме оған ата-бабаларынан мирас боп қалған еді. Бұл əйгілі капитан Дойын болатын. Дойын бойы ұзын əрі толық кісі болды. Дастарханға бір отырғанда бір қойды тауысып қоятын. Жуан даусымен:

      – Кім боласыңдар? – деп еді.

      – Ассаламағалейкум, – деп сәлем берді балалар.

      – Уағалейкумассалам, – деп сәлемін алды Дойын.

      – Біз Шококенттен боламыз.

      – Бізге көмек керек еді. Көлдің арғы бетіне жетуіміз керек. Бізге көмектесесіз бе? Əйтпесе, Шококент құриды, – деп олар дерттерін білдірді. Дойынның жүзінде мейірім көрініп тұрды.

      – Жарайды, келіңдер, қонақ болыңдар, – деп оларды дастарханға шақырды.

      Олар Дойынның артынан жүрді. Кеменің сыртынан арқаннан жасалған баспалдақ ілініп тұр. Дойын ірі болғанымен, мысықтай тез өрмелеп шығып кетеді. Бұл оның күніне бірнеше рет жасайтын ісі еді. Ол артына қарап:

      – Балақайлар! Неге ақырындап қалдыңдар? – деді зілді дауыспен.

      Рауза мен Елдес бар күштерін салып жоғары шықты. Олар шыққанша Дойын бес-алты рет түсіп қайта шығатындай болды. Бəрі бірге кемедегі капитан бөлмесіне қарай беттеді. Бөлменің ішінен аздап майдың иісі шығып тұр екен, бірақ қонақтар ештеңе білдірмей ішке кірді. Дастархан сүт тағамдарына толы болды. Айран, құрт, сүзбе, ірімшік, қаймақ, тіпті қымыз да бар еді. Елдес сөз бастап:

      – Бұл сүт көлі Ақкөл қалай пайда болған екен? Тарихын білетін шығарсыз. Айтып бересіз бе?

      Дойын жақсылап жайғасып алып әңгімесін бастады:

      – Ия, ата-бабаларымыздан бізге жеткен бір аңыз бар. Бірнеше ғасыр бұрын бұл көлде су болған екен. Ол кезде көл «Суар» деп аталатын. Сол заманда көлдің жағасында тұратын халық бата бергенде тек қана «Ақ мол болсын!» – деп айтады екен. Уақыт өте келе адамдар суды қадірлемей, сүтті қасиетті қылып жібереді. Жылдар өтіп, сиыр сүт бергендіктен адамдар сиырға табына бастайды. Азып кеткен бұл халыққа құдай жазасын береді. Көлдегі суды сүтке айналдырып жібереді. Бір қызығы көлде жыл мезгілдері басқаша өтеді. Баста қымыз мезгілі келеді. Сосын шұбат мезгілі, одан соң сиыр сүті, артынан ешкі сүті мезгілі басталады. Осылайша əр мезгілде көл өзгеріп тұрады. Бірақ қара суға жетпейді, әрине. Сол уақыттан СКАЧАТЬ