ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези. Рустем Серікұлы Сауытбай
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези - Рустем Серікұлы Сауытбай страница 3

СКАЧАТЬ ақсақал кіріп келді. Түрлерінен-ақ ақыл ойлары ерекше екендері көрініп тұр. Патшаның уәзірлері үш биге жол беріп, кері шегінді. Манадан бері сабырсыздана күтіп отырғандары екі жас бала еді. Патша балалардың қолынан ұстап:

      – Сіздерге үлкен жүк түсіп отыр. Шоколад елінің жүрегі болып саналатын сиқырлы шоколад дəндерін тұздейімдіктер ұрлап əкетті.

      – Ия, естіген едік, – деді сәлден соң Рауза.

      – Онда білетін шығарсыңдар, Шококенттің күш қайнары сол сиқырлы шоколад дәндерінен келеді.

      – Ия, әрине. Энергия бір жерден келу керек. Өзінен-өзі пайда болмайды, ғой, – деді Елдес сөзге араласып.

      – Сол дәндерді қайтару керек, – деді патша тағына отырып.

      – Бұл қалай болмақ сонда? Біз бе? – деді Елдес таңданысын жасыра алмай.

      – Ақсақалдармен осылай шештік.

      – Бірақ бұл өте жауапты тапсырма, – деді Рауза.

      Елдес ыңғайсызданып:

      – Батырлар тұрғанда біз қалай бармақпыз? – деді.

      – Бұл жерде білектен бұрын жүрек маңызды болып тұр. Ақсақалдардың білгендері бар. Осы сапарға сіздер таңдалып отырсыздар, – деп патша салмақты түрде сөйледі.

      – Жарайды, біз онда дайынбыз, – деді Рауза Елдеске қарап.

      Елдес апайын мақұлдап:

      – Əлбетте, – деді.

      – Тез жиналып жолға шығу керек, – деді патша уəзірлеріне белгі беріп.

      Патша оларға жолға керемет шоколаттардан салып береді. Ертесі күні екеуі ақсақалдардың батасын алып, жол жүріп кетеді.

      Сарайдағылар оларға: «Жолдарың тəтті болсын!» – деп

      шығарып салды.

      Жолдағылар да: «Тəтті сапар!» – деп қолдарын бұлғады.

      Тəтті сапар …тəтті сапар.…

      Екі бауыр үйлеріне соғып, аналарына барлық жайды түсіндіреді. Аналары басында жібергісі келмей, көздері жасаурап қалады. Бірақ жіберуге мәжбүр. Әйтпесе Шококенттің хәлі мүшкіл. Осылайша, екі жас батыр сиқырлы шоколад дəндерін қайтару үшін Тұздейім еліне аттанады.

      Қанттан жасалған жоталарды асқан соң, алдарынан ескі көпір көрінеді. Бұл əйгілі Құзан көпірі еді. Бұл көпір қара арқан мен қызыл ағаштан жасалған еді. Көпірді аспанның он екінші қабат періштелері жасаған деседі.

      Көпірдің басындағы сары таста бір жазу бірден көзге түседі. Үстін шаң басқанымен, сөздері анық:

      Көрінгенге қарама,

      Керегі саған аз ғана.

      Шығар содан мағына,

      Жетесің сонда ар жағына.

      Елдес қасындағы әпкесіне бұрылып:

      – Раузажан, не істейміз, қандай ойың бар? – деп сұрайды.

      Рауза сол кезде:

      – Естуімше, бұл көпірден өтем деп талай адам құлаған екен, – дейді.

      – Мына жазуда көпірден қалай өтуге болатыны жазылған. Соны түсінсек болды, – дейді Елдес.

      Рауза сөзін жалғастырып:

      – Меніңше, жазуда былай деп айтылған: СКАЧАТЬ