Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 10

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ лебін көруіңізге болады. Үштік құдайларға арналған жоғары дәрежелі храмдар Үнді даласында кең етек жайған. Оңтүстікте Шива ұрпағына арналған Картикея храмы, Үндістанның орталық бөлігіндегі Ришикеш қаласын жанап өтетін Ганга өзенінің қақ ортасына орнатылған Шива құдайының мүсініне таңның атысымен күннің батысына дейін қолдарын айқастырып, тағзым етіп тұрғандардың легі қаншама. Қорқынышты кейіптегі Парвати, маймыл құдайы Хануманды және де Варанаси қаласындағы Навграһос (9 құдайды бейнелейтін) храмын, Брахма құдайына арналған Ажмер жанындағы Пушкар храмдарын айтуға болады.

      Үштік құдайларға табынудың тағы бір дәлелі ретінде олардың қасиетті мерекелері. Солардың бірі Шива құдайына арналған мадха айында (қаңтар-ақпан) қараңғы түннің 14 жұлдызында тойланатын – Шиваратри мейрамы. Бұл мерекенің де өзіндік мәні бар.

      Жоғарыда айтылғандармен индуизмнің шектеулі әрі миссионерлік дін емес екендігін Махатма Ганди тілге тиек ете отырып, индуизм өз ілімімен көптеген тайпаларды қамту барысында тұрақтылыққа ие болғандығын сабақтай түседі. Индизм өзінің даму барысында төмендегі үлкен діни-философиялық бағыттармен ерекшеленгенін сөз етеді. Үндістандағы индуизм діннен шыққан, яғни құдайлар пантеонының негізінде пайда болған дәстүрлі діни-философиялық «бағыттар» қатарына Шактизм, Шиваизм, Вишнуизм, Смартизм жатса, олардың ішінен тараған ағымдар Рамаизм, Кришнаизм, Буддизм т.б. атауға болады. Индуизмнің аталмыш дәстүрлі діни-философиялық «бағыттары» қазіргі таңда ел елде кең қанат жаю үстінде.

      1.2 Үнді мифологиясындағы құдайлар пантеоны «Үштік» – Брахма, Шива, Вишну бейнелері және олардың атқаратын функциялары

      Мифология жайында тоқтала кетер болсақ, біріншіден, адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген аңыздардың жиынтығы болса, екіншіден, аңыздардың шығуын, мазмұны мен оның таралуын зерттейтін сала. Әлемге аңыздық көзқарас бойынша «Дүниенің қалыпты жағдайы – тек абстракциялық ұғым емес, аңыздың өзінде баяндалатын сол дәуірдегі құдайлардың, алыптардың, қаһармандардың ата-бабалардың өздері жасап, бізге жеткізген жолдары мен дәстүрлері» [40, 8 б.].

      Дәстүрлі дүниетанымда аңыздың алатын орны ерекше. Дәстүрлі қоғам негізінен құндылықтарға, салт-сана, ата-баба мұраларына негізделгенімен ерекшеленетін әлеуметтік орта [41, 166 б.]. Сондықтан дәстүрлі дүниетанымда аңыз орнының ерекшелігі қоғам дамуының ежелгі кезеңіне тән қоршаған ортаны тану әдісі, әрі дәстүрлі дүниетанымның бастау көзі болып табылады.

      Сондықтан да аңыз, мифологияны зерттеуші ғалым С. Қондыбайдың мына бір сөзімен үндесіп жатқан сияқты. «Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол өткен заман адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасу тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы» [40, 10 б.]. Сондай-ақ, біз бұл тұжырымнан поэзия СКАЧАТЬ