Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 7

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ немқұрайды қараса ол индуизм дініне қайшы келеді. Мысалы, брахман – өз білімімен, кшатрий – өзін қорғау қабілеттілігімен, вайший – саудагерлік қабілеттілігімен, шудра – қол еңбегімен ерекшеленеді. Бір-бірінен ерекшелеп тұратын айырмашылықтың барлығы да құдайдың құзырына қызмет ету болып табылады. Егер шудра білім іздеп, қоғамдық қызметтерге араласуға ниет білдірсе, оған ешқандай каста мүшелері кедергі келтіруге құқы жоқ. Сондықтан жоғарыда келтірілген варна мүшелері өздеріне тиісті қабілеттерден басқа да іспен шұғылдану мүмкіндіктеріне ие екендіктерін білуі тиіс, – деп варнаға түсіндірме береді [29, 800-808 бб.].

      Адам болмысы индуизмде нақты этикалық принциптермен анықталынған. Бұл мыналарды көрсетеді: үнділік туылысымен кармаға ие болады. Сондықтан ол карманы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отыруы керек. Осыдан оның діни парызы үнді заңына бағыну болғандықтан оны орындауға міндетті (4 ашрам заңдарын, дәстүрлерін орындау керек).

      Карма – бұл жақсы-жаман адам әрекеттерімен барлық ойлардың жинақталуы. Жоғарғы игілік толығымен өзгеріп, жаңа түрге енген сансарадан азат болу секілді анықталды. Сансарадан азат болу үшін екі жол көрсетіледі:

      1. Карма-марга немесе карма-йога (дін қағидаларын бақылау және аскетизм арқылы карманы жою);

      2. Джянна-марга немесе джянна – йог (Брахманың бірлігін ұғыну);

      Индуизмдегі уақыт категориясына тоқталатын болсақ, пуран аңызы бойынша төрт кезеңнен тұратын уақыт циклді болып келеді.

      1. Сагья-юг (крита-юг): алтын ғасыр;

      2. Трета-юг (двапар-юг): күміс ғасыр;

      3. Маха-юг: ұлы ғасыр; Бұл 12000 құдайлық мерзімді көрсетеді. (әр жыл 360 адаммен теңестіріледі, ал 100 маха-юг Кальпуды, яғни «Брахма тәулігін» құрайды), 4320 000 000 жердегі уақытпен тең. Күндіз Брахма 3 әлемді жаратқан құдайлар әлемі, адамдар әлемі, жын-перілер әлемі, ал түнде Брахма ұйқыға кетіп, хаосқа (грек-рим аңызында әлем жаратылардан бұрын түпсіз тұңғиық болған деген ұғым) оралады.

      4. Кали-юг (қазіргі уақытта Брахма өмірінің 52 жылдығын көрсетеді); Кали-юг барлық әлемнің тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Кали-югте құдайға жетудің негізгі жолы тек аянбай құлшылық жасау. Үнді табынушылары осы кезеңді төмендегі үш сатыға бөліп қарастырады:

      – Нитья: күнделікті атқарылатын рәсім. Отбасымен бірігіп, күнделікті өз таңдауларындағы құдайларына жалбарынады;

      – Наймитика: белгілі бір кезеңде қуанышты, я болмаса, қиыншылық туған мерзімде жасалынады;

      – Камья: рухани тазару мақсатында қажылық орындарына барып тағзым ету, жалбарыну.

      VI-ІХ ғғ. Үндістанның оңтүстік бөлігінде бхакти ағымы көрініс алды. Бұл ағым қазіргі таңда кришнаиттер арасында үлкен беделге ие болғандықтан бхакти – ескі дәстүрдің қазіргі кездегі қолайлы көрінісі әрі революциялық қозғалысы болып табылады, – дейді [30, 135 б.]. Бхакти – құдайға деген махаббат, сүйіспеншілік мағыналарын береді. Бхакти ағымы СКАЧАТЬ