Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 13

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ көліктері – аққу мен қаз. Олар білім символы ретінде танылады. Сондықтан да оны аққуда көп серуендейді дейді (Ханса-вахана). Ол бүкіл білімнің қайнар бұлағы, ал әйелі Сарасвати білім құдайы болып саналады. Пурананың құрбандық салтанатына қатысқан Дакша Брахманың бармағынан жаратылған деседі. Брахманың одан басқа 4 ұлы болған. Ол Ахалияны жаратқан. Ахалия кейін аспан шарабының патшасы болған Индраның кейпінде болады, – деп үнді ғалымы, доктор Акшивани Парашвар айтады [49, 83 б.].

      Брахманың тағы бір есімі Вираж, яғни жұмақта тұратындарды басқарады. Аңыз бойынша Вираж Брахманың баласы деп те қарастырады. Брахма Арава кейпінде болған. Ол Пуруш, еркек бейнесінде және Вираж әйел бейнесінде жаратылған. Вираж табиғатты жандандырушы болса, ал Брахма абсолютті әрі соңғы жоба деп түсіндіріледі.

      Әлемде көптеген азғындықтар кездесетін болғандықтан құдай адамзатқа азғындық пен зұлымдықты, жақсы мен жаманды ажырата алу үшін ми, сана-сезім берді. Ал өзі азамзат әрекеттерін бақылау үшін жер бетіне әртүрлі кейіппен түсіп жүрді [50, 5 б.].

      Бхагават Гита: 4-7-8, Шри Кришнаның айтуына сүйене кетейік:

      О, Үнді халқы, азғындық пен зұлымдық бар жерде күнә да көбеюін тоқтатпайды. Мен соларды реттеу үшін әртүрлі кейіпте жер бетіне түсіп отырамын. Мен адал жандар мен мейірімділерді қорғаймын, қолдаймын. Егер қаласам күнәға батқандарды түбімен жоямын. Мен осы дәуірдегі парасатты адал ойды реттеуге қатысамын [51, 69-70 бб.], – делінген.

      Адамзат жаратылысынан кейін-ақ, құдайлар кейіптерге енген. Олардың ішінде 108 инкарнацияның негізгі мән-мағынасы бар. Солардың бірі үнді құдайлар пантеонының бірі Вишнудың 10 кейпі (аваторы) маңызды рөл атқарады. Сондықтан Вишну құдайының амал-әрекеті қазіргі таңда жеке ағым ретінде танылу үстінде.

      Әлемді реттеуші, мейірімді, адамдарға жақын әрі тыныштықты ұнататын үнді құдайлар пантеонының бірі 4 қолды Вишну тыныштықты, бірлікті сақтау мақсатында жер бетіне 10 түрлі кейіппен (аватор) түсіп отырған [52, 18 б.].

      – матсуа балығының кейпіне түсуі;

      – тасбақа кейпіне түсуі;

      – шошқа кейпіне түсуі;

      – жартылай адам – Нарсинһ кейпіне түсуі;

      – Ваман кейпіне түсуі;

      – Данышпан Паршерам кейпіне түсуі;

      – Домкрат кейпіне түсуі;

      – Кришна бейнесіне енуі;

      – Будда бейнесінде келуі;

      – Калка кейпінде;

      Вишну құдайының 10 амал-әрекетіне тоқтала кетейік:

      1. Вишну құдайының алғашқы әрекеті – Матсуа балығының кейпіне ену арқылы жер бетіне түсуі.

      Б.д.д І ғ. соңында Ведада айтылғандай, әзәзіл Хэйгрив байлықты ұрлап, ешкімнің қолы жетпейтін бірден-бір орын теңіз түбі деп пайымдап, сол жерге жасырынады. Вишну құдайы сол байлықтарды орнына қайтару мақсатымен Матсуа балығының кейпіне енген болатын.

      Бір күні балықшы Ману Вайвасваттың қармағына балық ілініді. Балық Ману СКАЧАТЬ