Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 14

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ бойынша құдайларға көптеген құрбандық шалу арқылы үлкен беделге ие болды. Осындай беделге ие болған Хиранякашты нәпсі жеңіп, менменшілдікке бас ұрады. Ол Мұхит түбінегі жыландарға қиянат жасағандықтан іс насырға шабады. Хиранякаштың әрекетіне шыдамаған Вишну шошқа кейпіне еніп, жыландарды теңіздің бетіне шығарады. Бұл жерде жыландарға көмектесу әрекеті айтылып отыр. Бұл жерде теңіз астындығы тіршіліктің де әділ өмір сүруін қадағалап отыратындығын негізге алып түсіндіреді [54, 7 б.].

      4. Вишну құдайының үшінші амал-әрекеті – жартылай адам Нарсинһ бейнесіне енуі.

      Хиранкашипу Вишнуға егізі Хиранякашты өлтіргені үшін наразы болады. Вишну қолында қаза тапқан бауырының кегін алу үшін басқаларға Вишнудың атын атауға да тиым салады. Ешкім оған жалбарынбайтындай жасады. Бір күні Хиранкашипудың ұлы Прахлад Вишну жолын ұстанады. Ол әкесінің дегеніне көнбейді. Хиранкашипу баласын Вишнуға жалбарынудан бас тартызуға барлық амал-әрекеттер жасайды. Күш те қолданады. Жабайы өгіздер, улы жыландармен қорқытады. Баласын Вишну құдайынан бас тартқыза алмаған ол күйзеле отырып, Прахладтан сұрайды «Вишну қайда?». Ол: «Вишну барлық жерде», – деп жауап береді. Ашуға булыққан Хиранкашипу баласынан қане, ана тұрған бағанадан шақырып кел, – деп талап қойды. Берілген бала бағанаға бар ынтасымен үңілгенде Вишну бағананың сынған бөліктерінен жартылай адам – Нарсинх ретінде пайда болды. Мұнда Вишну құдайдың әділдік үшін қай жерден болмасын пайда бола алатындығын дәлелдеу мақсатында көрсетіліп тұрғанын байқауға болады.

      5. Вишнудың бесінші амал-әрекеті – Кашуар мен Адити ұлы Ваман кейпінде келуі.

      Әзәзіл патшасы Бали құрбандық шалу барысында билікке ие болды. Билігінің арқасында Индра және басқа құдайларды жеңіп, үш әлемді өз бақылауына алды. Негізсіз құрылған Бали патшалығына барлық құдайлар наразылық білдіріп, Вишну құдайына шағымданды. Осы кезде Вишну ергежейлі Ваман кейпінде Балиға келіп, үлкен жерді үш-ақ қадаммен қалай бүркеп тұрғанын сұрады. Ол қалай үш әлемді бүркеп тұратын сиқырын көрсеткенде, Ваман сол сәтте үлкейе бастады. Тез арада ол алып болып, бір қадаммен жерді бүркесе, бір қадаммен көкті бүркеп үлгерді. Осындай амал-әрекетінің арқасында ол Балиды тозақты басқаруға жіберді. Вишну құдайы өзінің үш қадамымен әлемді игеріп алып, асурларды жеңеді. Вишнудың үш қадамының нәтижесінде құлайлар өз мекенін басқаруға мүмкіндік алады. Вишну Веда мәтіндерінің 12-13 жерінде кездеседі. Құдайлық үш қадамы жайында бірнеше көзқарастар бар. Зерттеушілердің пікірі бойынша Вишнудың үш қадамы күннің көтерілуі, шығуы және батуымен әрі осы күннің үш сферасы арқылы жер, аспан және ауаны басқару қабілетіне ие екендігін сөз етеді. Осы кейіп арқылы

      Вишну құдайы жер бетіндегі тепе-теңдікті, тәртіпті реттеу, қадағалау мақсатында келгендігі баяндалады [55, 87 б.].

      6. Вишнудың алтыншы амал-әрекеті – Паршерам данышпан кейпінде келуі.

      Аңыз бойынша, Картивирья патшасы Жамдагни дәруіш лашығына қонаққа СКАЧАТЬ