Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева страница 8

Название: Араб тілінің терминологиясы

Автор: Анар Мустафаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Языкознание

Серия:

isbn: 978-601-04-2223-0

isbn:

СКАЧАТЬ алмасу болды. 1983 жылы Танзанияда терминологиялық семинар өтті. Оған Африканың алты елінен, оның ішінде екі араб елінен: Судан, Сомали, Танзания, Эфиопия, Мадагаскар мен Бурунди елдерінен мамандар қатысты.

      Информатика ғылым ретінде Францияда ХХ ғасырдың 60-жылдары орнығып, әзірге жас немесе А.В. Суперанская айтқандай «терминологияға байланысты ғылымдардың кішісі (кенжесі)» саналатындықтан, оның термин жүйесі де жас және күн сайын жаңа терминдермен толығып отырады. 80-жылдары терминология саласындағы батыс мамандары осы ғылыммен байланысты терминдерді қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажеттілігін нақты сезінді. 1982 жылы Англияда «Аударма және компьютер. Болашақтың терминологиялық банктері» IV конференциясы өтті. Мұнда Инфотерм өзінің «ТерНеттегі компьютерлік терминография – терминологиялық деректер банкінің рөлі» баяндамасын ұсынды. 1987 жылы Женевада терминология мен аударма бойынша жиналыс өтті, мұнда маңызды сұрақтардың бірі ретінде компьютерде латын емес әріптерді қолдану мәселесі қарастырылды.

      Бүгінде белгілі Араб тілі академияларына келер болсақ, олар:

      Дамаскідегі (Сирия) Араб тілі академиясы. Ол алғашында Араб ғылыми академиясы деп аталды. Академия 1919 жылы Мұхаммад Курд Әли жетекшілігімен Сирияда білім мен басқарманы арабтандыру мақсатында құрылды. Академия кезінде тарихи-археологиялық, мәдени ескерткіштер жиналған археологиялық мұражай, трактаттар мен кітаптардың үлкен бөлігі жиналған кітапхана, айлық журнал (1921 жылдан) жұмыс істеді. Кітапхананың орналасқан орны ретінде Сұлтан әз-Захир Бейбарс Дамаскіде салған мектеп таңдап алынғандықтан, оны Захирия кітапханасы деп атады. Журнал 1931 жылдан екі айда бір рет, ал 1948 жылдан тоқсан сайын шығып тұрды.

      Каирдегі (Египет) Араб тілі академиясы. Араб тілінің корольдық академиясының құрылысы жайлы қаулы 1932 жылы шықты. 1938 жылы мекеме І Фуадтың Араб тілі академиясы болды, ал 1953 жылғы шілде революциясынан кейін ол Араб тілі академиясына айналып, бұл атау бүгінгі күнге дейін сақталды. Каирдегі академия араб тілінің дамуы саласында бірқатар жобаларды орындады. Олардың арасында терминология саласында:

      Араб сөздіктерінің құрылуы: «المعجم الوسيط» [al-Mu’jam ul-Uasii] (1960), «معجم ألفاظ القرآن الكريم» [Mu’jam Alfa il-Quraan il-Qariim] (Қасиетті Құран сөздерінің сөздігі) (1953‐1969), «المعجم الفلسفي» [al-Mu’jam ul-Falsafi] (философиялық сөздік) (1979), «المصطلحات العلمية والفنية» [al-Mualahaat ul-‘Ilmiya ua al-Fanniya] (ғылыми-техникалық терминдер) (алғашқы басылым 1958 жылы және қырық жетінші басылым 2007 жылы) және басқалар.

      1934 жылдан бастап шығатын жылдық журнал. 24-санынан бастап жылына екі рет шыға бастады. Оның төрт бөлімінің бірі академия құрған терминдерге, ал басқалары лингвистикалық ережелер, зерттеулер мен тіл облысындағы теорияларға және академия мүшелерінің жұмыстарына арналған. Каир академиясы өзінің терминология саласындағы белсенді жұмысының нәтижесінде 150 мың термині бар 44 топтама шығарды.

      Ирақ СКАЧАТЬ