Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева страница 5

Название: Араб тілінің терминологиясы

Автор: Анар Мустафаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Языкознание

Серия:

isbn: 978-601-04-2223-0

isbn:

СКАЧАТЬ кейіннен Египет территориясына француз мәдениеті мен ғылымының келуімен байланысты. Белгілі қолбасшы Мұхаммед Әли (билік еткен жылдары 1805-1849 жж.) тек әскери іс пен мемлекеттік құрылымда ғана емес, бүкіл Араб Шығысы үшін аударма қызметінде реформатор болды, себебі әл-Мамун (билік еткен жылдары 813-833 жж.), әл-Мутауаккил (билік еткен жылдары 847-861 жж.), содан кейін Кордова халифатының билеушілерінен соң (Х-ХІ ғ.), Мұхаммед Әли аударма қызметінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мұхаммед Әли кезінде француз тілінен шамамен 445 кітап аударылды, бұл араб тіліне аударылған туындылардың 55 %-ын құрады. Француз тілінен кейін таралуы бойынша екінші шет тілі – ағылшын болды, одан 67 кітап аударылды, бұл сәйкесінше 21 %-ды құрады, ал кітаптардың қалған пайызы түрік, парсы, итальян, неміс, копт және орыс тілінен аударылған туындылардың үлесіне тиді [15, 267-268 б.]. Аудармашылар қызметі Мұхаммед Әли билігінен кейін де өз жалғасын тапқанымен, келесі кезең мұндай қызу белсенділікпен ерекшеленбеді. Ұлттық аударма саласының дамуының себебі ойы айқын билеушінің бастапқы кезеңде Египет үкіметі үшін қажет болған шетел мамандарын қолданғысы келмеуінде еді. Бұл жағдай реформалық саясатты түсініп, елдегі жағдайды бағалай алатын мамандардың тапшылығымен түсіндірілді. Әр-Рауфтың айтуынша, «алты айда атқарылатын жұмыс мысырлықтардың селқостығынан бес жылға созылды» [15, 247-б.]. Дегенмен Мұхаммед Әли жүргізген айқын саясаттың арқасында ғылым мен техника бойынша көптеген еңбектер араб және түрік тілдеріне аударыла бастады. Мұнда мысырлықтардың еуропалық білім алуы маңызды рөл атқарды, нәтижесінде Египеттің көптеген азаматтары білім алу мақсатында Еуропа елдеріне барды. Бұл мамандарға қойылатын негізгі талап шетелде алынған білімді өз елінің дамуында қолдану болды. Олардың тәжірибесі білім саласында, негізінен, жергілікті үйренушілерге алынған білім мен машықтарды үйретіп, шет тілдерінен түрлі еңбектерді аудару барысында пайдаланылды. Мұхаммед Әли Италияға 1809 және 1813 жылдары екі рет сапар жасап, нәтижесінде Египетте баспа, кеме жасау ісі дамыды және әскери істе итальян машықтары қолданылды. Бұл өз кезегінде терминологияның дамуына әкелді.

      Аталмыш екі сапар әскери, теңіз-құрылыс саласында терминдер құрастыруға және кітап басу арқылы ақпарат таратуға себепкер болды. Египет реформаторы араб тіліне аударуға көптеген еңбектер және кейіннен көп таралыммен елдің түрлі аймақтарына кітаптардың таралуында негізгі құралға айналған баспа құрылғысын әкелді. Кейін Мұхаммед Әли білім берудің жергілікті ошақтарын құра бастады. Солардың бірі – медициналық мектеп құрылысы, мұнда итальяндықтар мен француздар жұмыс істеді, ал тілдік мәселелермен, оның ішінде сабақ кезіндегі аудармаға аудармашыларды таңдау және іздеу жұмыстарымен француз дәрігері Антуан Кло айналысты. Мұхаммед Әли өтініші бойынша А.Кло Египет армиясында медициналық оқыту және аудару орталығын ұйымдастырып, өмірінің көп бөлігін сол елде өткізді. Ол Египеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқандықтан, СКАЧАТЬ