Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 21

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ пайдалануын жоғалтады. Сублиторалдың төменгі шекарасы тропикалық зоналарда 150 м, қоңыржай салқын суларда 50-80 м, ал полярға жақын аймақтарда 20-40 м болады.

      Батиалда еркін тіршілік ететін теңіздік көпклеткалы омыртқасыздардың 40-тан аса кластарының өкілдерінен абиссалда 36 түрі мекендейді, 6-7 км тереңдікте – 32, 10 км тереңдікте тек 8 кластарының өкілдері (кораллдар, көпқылтандылар, теңаяқты шаяндар және амфиподалар, құрсақаяқты моллюскалар және т.б.) кездеседі. Зоопланктонның алуантүрлілігі 3-4 км-ден бастап кедейленеді, жыртқыштар толығымен жойылады. Тереңдікке жылжыған сайын әртүрлі доминантты формалардың су қабаттарына ауысып отыруы байқалады, бұл бір түрлердің екінші түрлерге деген бәсекелестігін жоюға байланысты.

      Фаунаның алуантүрлілігінің және санының жоғарғы қабатынан төмен қарай азаюының негізгі себебі – трофикалық жағдайларының нашарлауымен байланысты. Тереңдегі жануарлардың негізгі қорек көзі жоғары қабаттан түсетін дайын органикалық заттар – өлген организмдер, олардың қалдықтары – болады. Тәулік сайын жоғарғы қабаттағы мекендеушілер 300-400 м түседі, сонан кейін олар төмендеп келесі тереңдіктегі жануарларға қорек болады. Судың қабатында «қорек сатысы» пайда болады, судың жоғарғы қабатында түзілген органикалық заттар ең терең жерге дейін түседі.

      Қорек ресурстары жеткіліксіздіктен тереңдіктегі жануарлардың энергияны үнемдеуге бірқатар бейімделуі болады. Бұл, біріншіден, бейтарапты (нейтральды) жүзгіштік (бұнда энергия гравитацияны жеңуге жұмсалмайды), сүйек қаңқасының шеміршекпен алмасуы, тері қабатының асты борпылдақ мезенхимамен толуы, ұлпалары мол суланады, белоктың мөлшері 2-4 есе төмендейді, майдың қорлануы пайда болады. Энергияны үнемдеудің екінші түрі – қозғалғыштықтың кемуі. Жыртқыштар жемтігін іздеп және қуып жүрмейді, тек аңдып отырады, соған байланысты олардың жемтігін тасадан бас салатын мінез-құлқы дамыған.

      Тереңдікке түскен сайын майда формалар ірілерге жиі ауысып отырады. Мысалы, 1 және 3, сол сияқты 7 км тереңдікте мекендейтін Amblyops magna мизидиялардың дене мөлшері сәйкесінше 18,30 және 40 см болады. Осыған ұқсас жағдай креветкалардың эвфаузидия арасында да байқалады. Десе де тереңдіктегі мекендеушілердің арасында майда жануарларда басым болады және олар тіршілік процестерінің төменгі қарқындылығымен сипатталады.

      Ең аса тереңдіктерде судың карбонаттармен қанығуына байланысты организмдердің қаңқалары нашар дамиды не болмайды.

      Фораминефоралардың бақалшығы органикалық заттан қалыптасады, губкалардың қаңқасы кремнеземнен пайда болады. Жануарлардың қараңғыда мекендеуіне байланысты көру мүшелері жойылады, бірақ сезім рецепторларының дамуы күшейеді. Тереңдікте мекендейтін жануарлардың түсі әдетте қара-қоңыр, мүлдем түссіз болады, еш уақытта шұбар, жолақ не басқа түрлі түстер болмайды.

      Тереңдіктегі мекендеушілердің тіршілік жағдайында қоректік нысандар шектелген, бірақ температура мен күн сәулесінің әсері қолайлы болады. СКАЧАТЬ