Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс страница 15

СКАЧАТЬ дәстүрлер өз өмiрлерiн ислам Иран жерiне берiк орнаған соң да жалғастырып жатты.

      Барша мұсылмандардың сенiмiне ортақ дiни темiрқазықтың басым дәрежеге жетпеуi дiни ала-құлалықты тудырып, бiртұтас ислам мемлекетiнiң, қала бердi Иран мемлекетiнiң саяси бiрiгуiне айтарлықтай кедергi келтiрдi. Исламды таратушы араб жаулап алушыларының билiгiне мойынсынғысы келмеген халық наразылықтары мен жергiлiктi билеушiлердiң қарсылықтары нәтижесiнде Иран жерiнде әртүрлi ұсақ мемлекеттер пайда болды. Осы жергiлiктi әулеттердiң iшiндегi көрнектiсi Табаристандағы бавандилер әулетi болды. Әулет билеушiлерi дәстүрлi ирандық титулды қолданып, өздерiн «испахдад» – әскербасы, кейде «мулук ал-джибал» – тау иелерi деп атады. Иранның саяси бiрiгуiне мүдделi болған бұл әулет жетi жүз жыл бойы ильхандар билiгi кезiне дейiн өмiр сүрдi. Селжүктер олармен үздiксiз соғыс жүргiзсе де бұл әулеттi толық құрта алмады. Осы әулеттiң екiншi тармағы – испахабдадилер мемлекетiн хорезмшахы талқандап өз иелiгiне қосқанмен (1210 ж.) отыз жылдан соң қайтадан кинхбарилер болып, 1349 жылға дейiн моңғолдардың вассалы бола өз өмiрлерiн жалғастырды. Солтүстiк-батыс Ирандағы осындай бiр әулет – мусафарилердi (916-1062) селжүк Тоғрул бек талқандады. Тағы бiр әулет – шаддилер мемлекетi солтүстiк Иранда «дейлемилiк интерлюдия» (дейлем халықтарының саяси белсендiлiгi дәуiрi (Х ғ. 30-ж. – ХІ ғ. екiншi жартысында)) кезiнде пайда болды. Бұл әулеттiң негiзiн қалаушылар курдтар еді. Бұл мемлекет әзірбайжан дейлемилерi мен христиан-армян, грузиндер патшалықтары аралығында өмiр сүрiп, астанасын Гянжә қаласы етiп алды. Сұлтан Тоғрул бұл әулеттiң өмiрiн 1063 жылы тоқтатты. Ал шаддилердiң Ани қаласына орналасқан бұл қаланы Алп Арслан сұлтан талқандаған соң, 1199 жылы бұл қала грузиндер қарауына өттi.

      Х ғасырдың басында Дейлемде, Каспийдiң оңтүстiк-батысында зиярилер әулетi билiк құрды. ХІ ғасырда зиярилер ғазнауилерге мойынұсынғанмен, селжүктердiң тарих сахнасына шығуымен олар соңғыларға бағынды. Раввадилер мен какуйлер де дейлемилiк әулеттер болды. Какуйлер батыс Ирандағы буйлер құлдырауы кезiнде пайда болып, кейiн орталық Иранды (Исфахан, Хамадан) 1008 жылы жаулап алып үлкен саяси күшке ие болды. 1029 жылы Ғазна билеушiсi сұлтан Махмуд Рейдi жаулап алғанда әулет негiзiн қалаушы ибн Какуия Махмұдқа бағынып, Тоғрул 1051 жылы Исфаханды жаулап алғанда селжүктерге бағынды.

      Х-ХІ ғасырларда гүлденген мемлекеттердiң ең күштiсi буйлар үлкен иелiкке ие болды. Бұл мемлекеттiң иейлар Иран жерiндегi бытыраңқы мемлекеттердi бiрiктiрiп, сасанилер кезiн-дегi Иран даңқын қайта әкелмекшi болды. Бiрақ бұл тарихи маңызды жүктi олар iске асыра алмады. Осы кезде Иранның солтүстiк-шығыс аймағы да бiр-бiрiне тәуелсiз бiрнеше мемлекеттерден тұрды. 821-877 жылдары Хорасанда тахирилер билiгiнен соң бұл аймақта саманилер билiгi орнады. Державаның негiзiн қалаған Балх облысынан шыққан диқан Саманхуда едi. 893 жылы Исмайл ибн Ахмад Сырдарияның ар жағындағы қарлықтарға шабуыл жасап, олардың астанасын тонады. Саманилер ұзақ уақыт бойы өз территориясында тыныштық орнатып, парсы тiлi мен әдебиетi, ғылым мен мәдениет өркендеп гүлденуiне СКАЧАТЬ