Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс страница 17

СКАЧАТЬ суннит теологтары карматтардың шариғаттың бекiткен ғұрыптарын жойғанын жазады. Ал-Малати «Намаз (салат), садақа (закат), ораза (сииам), Меккеге зиярат (хадж), т. б. парыздар мiндеттi деп есептелмедi, Алла өзiнiң құлдарының өзiне қызметiне зәру емес, кiм қаласа орындасын, қаламаса орындамасын, олар бар болғаны Жаратушыға ризашылық бiлдiрсе болды деп есептедi. Ал-Газали, карматтар қасиеттi мiнәжат дәстүрiн орындауды доғарды, өйткенi олардың ойынша күнделiктi «күрделi гимнастика» не ақымақтарға, не өте ақылдыларға пайдалы, тек бұл исламның заңдары мен қағидаларын бұзды. Мысалы, намаз оларда тек екi ракаттан тұрды: күн шығуға дейiн екеуi, күн батуға дейiн екi ракат. Құбыланы олар Иерусалимге қаратты, өйткенi олар онда қажыға барды. Демалыс күнi дүйсенбi болды. Карматтар ащы шарапты (набиз) iшуге тыйым салды, ал тәттi шарапқа (хамр) рұқсат бердi. Осындай ислам iшiнде жiк тудырған ағымдарды ұстанғандар тобы ислам тарихында бiрнеше мәрте қарулы көтерiлiстер жасап, ел билiгiн қолдарына ұстауға тырысты. Осындайлардың бiрi – Иранда билiк құрған буйлар мемлекетiнiң негiзiн қалаушылар. Билiк басына келген буйлар шиизм (он екi имамдық) тармағын ұстап, сунниттерге қысым жасады. Олардың мемлекетiнде шииттер жоғарғы үстем жағдайға ие болды. Ал дiннiң тiрегi мен қорғаушысы болып есептелетiн халиф ал-Муктафи өзiнiң антишииттiк көзқарасы үшiн тақпен қоштасуға мәжбүр болды. Шииттер мен сунниттер арасында күрес толастамады. Жүз он жылдық буйлер билiгi кезiнде осы екi лагерь арасындағы алауыздық күшейе түстi. Деректердi талдаудан күпiрлiк ағымдардың Ирандағы iшкi саяси ахуалды шиеленiстiрiп, ел iшiне iрiткi салғанын байқауға болады.

      Жетiншi Аббас халифы ал-Мамун (813-833 ж.) кезiнде му'тазалиттiк ағым халифаттың мемлекеттiк дiнi болды. Му'тазалиттердiң сенiмi бойынша иман мәселесiнде кiмде-кiм өз жеке басы болмысында таза кiршiксiз қасиеттерге ие болса, ол мұсылман. Олардың сенiмiнше, егер бұзылған адам қайырлы iстер iстеп дiнге пайда келтiрсе, оның жеке басындағы имансыздығы мен күнәкарлығын кешiруге болады деп есептедi. Өйткенi олар дiн үшiн күрестi. Осы принциптерге сүйенген му'тазалиттер сол заманға дейiнгi ислам тарихында орын алған барлық оқиғаларды халифтердiң пайдасына шешуге мәжбүр болды. Ақырғы омея халифтерi Йазид бен Валид, Маруан ибн Мухаммед осы ағымда болды. Мамун барлық мұсылмандарға тән ортақ ағымды iздеп, ақыр соңында осы ағымға тоқтады. Басқа ағымдарға цензура жариялағанына қарамастан, бұл ағымды тек ақсүйектер мен қалалықтар қолдады. Халиф ал-Мутавакил (847-861) кезiнде бұл ағым мемлекеттік саясаттан шеттетілді. Ол Құранды, оның мәтінін талқылауға қарсы шығып, мутазализмдi күпiр деп танып, суннизмдi қайта ресми дiн деп жариялады. Бұдан соң басқа дiндегiлерге қудалау басталды. Кербаладағы имам Хусейн мавзолейi қиратылды, зиндикилер-хурамилер, манихейлер, атейстер қудаланды. Тiптi ислам бойынша кiтап иелерi саналатын христиандар мен иудейлер де қуғынға ұшырады. Оларға мемлекеттiк қызметке орналасуға, атқа мiнуге тыйым салып, арнайы белгi тағып жүруге тиiс болды. Сунниттер әсiресе күпiрлер деп саналатын хариджилер, шииттер мен хурамилердi СКАЧАТЬ